+2 дауыс
1.0k көрілді
ҚазАқпарат - 16-22 желтоқсан күндері Жерді қараңғылық басады, деп хабарлады Росбалт.

Ғаламшардың кез келген тұрғыны бұл кезде солтүстік шұғыласын байқай алады, аспан түрлі-түсті шапақпен көмкеріледі, деп хабарлады американдық NASA ғарыш агенттігінң мамандары.

Аэроғарыш агенттігінің басшысы Чарльз Болденнің айтуынша, бұл соңғы 300 жылдағы ең күшті Күн бетінен плазмалар шығарылуының әсерінен болады.

Ғалымдар бұл ақпаратты осы ғарыштық құбылыс кезінде адамдар үрейленбеуі үшін таратып отыр.

Сондай-ақ осы алты күнде электр желісінде, байланыста және Интернетте  үзілістер болуы мүмкін.

13 жауап

+3 дауыс
Кім біледі, бұндай әңгімелер көп болды бірақ бірде бірі болмай Құдай сақтады ғой, бұл жолы да бір Аллаға сыйынамыздағы содан медет тілейміз. Қазақта  "Көппен көрген ұлы той"-деген сөз бар, сол айтпақшы сабыр сақтаған дұрыс деп ойлаймын. Мүмкіндіктер болса шырақтар алып қоя салғанның еш артықтығы болмас, бәрібір үйге кейінде керек болатын нәрсе ғой.
+1 дауыс
Әр жылы жаңа жылдан алдың болатын өтірік хабардың бірі ғой. Мұндай әңгімелер халықты қорқыту үшін ғана айтылады.
0 дауыс
Бұл Халықты әдейі қорқыту ғой!.Бірақ құдай сақтасын, енді ондай болмасын- деп тілейік.
0 дауыс
Бұны ешкім білмейді. Көреміз сол кезде
0 дауыс
Астраномия ғылымына сенсек бұл жәй ғана құбылыс.  Бұның болуы мүмкін.
+2 дауыс
Ондай алыпқашпа сөздерге сенуге болмайды.
1+... Көзімізге елестету қиын екен күн 1 күн қараңғы делік бірақ адамдар күндіз қараңғы болып жатырғанда май шам жағып отырса бүртірлі екен иа?
Негізі, 2-3 сағат аспан құбылуы мүмкін. Бірақ, тал түсте қараңғылық орнамайды ))
+1 дауыс
Осыған ұқсас әңгімелер кейінгі кезде көбейіп кетті , бірақ осыған дейін ешқайсысы орындалмады ғой. Өз басым сенбеймін.  Дегенмен "сақтансаң сақтайды" деген сөз бар ғой, шамдар алып қойған артық етпес. :)
2012 де алған шамдар әлі бар алаң болма))
:D Бірақ біздікі бітіп қалды  :(
+1 дауыс
Орташа температура бір градусқа көтерілгеннің өзінде табиғатта алуан түрлі өзгерістер болмай ма?! Ал 6 күн бойы Күннің тек 10 пайыз қуаты ғана Жер шарына жететін болса, "тек қараңғылық басады", "ұзақ түн болады" деген қаншалықты шындыққа жанасымды?!
0 дауыс
Тек интернет үзілмесе екен.
–2 дауыс
Ол айтылған сөздердің бәрі өтірік. Біздің ғалымдар да өздерін ғалымбыз деп жазбайтынды жазады. "Ақырғы заман болады, кун батыстан шығады"- деді, бірақ күн шығыстан шықты, яғни ештене болған жоқ. "Сиырды мақтай берсен шелекке отырады"-деген расқой
0 дауыс
Не болса, о болсын. Тек интернет үзілмесе екен десей)))))
0 дауыс

Жоқ,. бұл қате таратылған ақпарат! Қайдағы жоққа сене береді екен адамдар. 

Міне NASA-ның күн жүйесі бойынша обсерваториясының хабарлауы бойынша, нақты ақпаратты оқып шықтым. Фэйсбуктегі официальный парақшасы жариялаған мақала: 

(парақшаға өту үшін суреттің үстін басыңыз)

0 дауыс
оны тек кана АЛЛА біледі

Ұқсас сұрақтар

...