+3 дауыс
9.6k көрілді
Менің руым жаныс.Таныс қыз бар оның да руы - жаныс.Онымен жүрсем бола ма ?

6 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Жеті атадан бері болса өз руыңнан қыз алуға болмайтынын бәріңде білесіңдер ғой. Осы жерде бір айта кететіні қазір көп жағдайларда жастарымызға обал болып жүрген сияқты ма деп ойлаймын. Бұрынғы уақытта ата-бабаларымыз ру мен ру қыз алысуға жеткенде Елге сауын айтып хабар жетер жердегі қазақтың игі жақсыларын жинап сол қыз алысу дәрежесіне жеткен рудың екі жасын арнайы сойылған боз биенің сүтіне шомылдырып, бүкіл рубасы ақсақалдар батасын беріп қосып, "Міне енді сендер рубасы болдыңдар, бұдан былай кейінгі жастарға рұхсат" -дегендей баталары мен рұхсаттарын береді екен. Қазір ондай қарияларымыз қайда, болғанда сол қарияларымызды тыңдай қоятындар қайда, мүмкін содан ба әйтеуір руластар үйленуге болмайды дегеніміз болмаса оны реттеп жатқандарымыз жоқ екені рас. Зер салып байқасақ қазіргі қыз алыспайтын туыс болып жүрген рулардың көбісі әлдеқашан жеті тұрмақ он жеті атадан асып кеткендер. Бірақ амал қанша көнуге тура келеді. Маған жекеге өте көптеген жастар осы сұрақпен хабарласып жатады. Мен оларға, ата-аналарыңа айтыңдар өз руларыңның ақсақалдарымен кеңессін, солар шатастырмайды деп кеңес беремін көбіне. Жалпы бұл мәселеде өте абай болған ләзім
Керемет жауап
Айбол шырағым, ұмытпасам сен маған жекеге де жаздың ау деймін, оған біраз уақыт болып кетті. Соған қарағанда қызыңды жақсы көретінің оны қимайтының көрініп тұр балам. Бірақ бәрібір салтымызға келмесе келешектерің өте ауыр болады, ертең сендерден өрбитін бала-шағаларың сендерді қарғайтын болады қалқам, ойлашы олардың нағашысы да, туысқаны да өзің болып шығасың. Мен бұндай жағдайлардың талайын көргенмін. Сені жақсы түсінемін, бар жан-тәніммен егіліп отырсам да бұның дұрыс деп айта алмаймын. Бұрын не айтқаным ойымда жоқ, қазіргі айтарым үлкендерге жасырмай шындығыңды айт, әркім өз руын жақсы біледі, мүмкін олар бір жолын табар. Мына жерде Жаныс руы туралы біршама шежіре бар екен жақсылап оқып көрші: http://www.elim.kz/article/57/
+2 дауыс
Жаныс Дулат руынан тараған емес па. Жеті атаға дейін қыз алыспайтын Қазақтың сал-дәстүрі бар ғой. Жеті атадан асқан соң, енді көбейейік, ел болайық деп үлкен ас беріп, сосын қыз алыса беретін болаған. Қателеспесем Жаныстар қыз алыса береді. Бірақ жаныстың ішіндегі руларың бір емес па? Соны білу керек секілді. Бұл сұрағыңа @Jako аға жауап бере алатын шығар.
0 дауыс
Айбол, Өмір Шыныбеков мына http://baq.kz/blog/article/4253, http://baq.kz/kk/blog/article/4254 жерде жақсы жазыпты, осы жерді оқып шықшы сені қолдайтын сияқты. Мен Өмекеңе хабарласып сенің жағдайыңда не істеуге болатынын сұраймын, мүмкін өзі жауап жазар.
0 дауыс
Айбол!

Менің жекеме жазшы!

Мен көмектесуге әрекет жасап көрейін  [email protected]
Өмір ағасы. Мейлінше осы жерде жауап ретінде жауаыбңызд жазсаңыз игі болар еді. Себебі осы сұраққа жауап іздеген көптеген қолданушылар жауабын алатын еді.
Ербол, Өмекең бірінші Айболдан жеке анықтап сұрап алайын деген болар, кейін қорытынды пікіріп жариялайтын болар.
Әрине ағасы.
0 дауыс
Ия, алдымен  анық-қанығын біліп алсам деп едім.
0 дауыс
Менде сұрайыншы мен қараша жаппаспын жігітім қорғалжың жаппас олай болама
...