Айбол шырағым, ұмытпасам сен маған жекеге де жаздың ау деймін, оған біраз уақыт болып кетті. Соған қарағанда қызыңды жақсы көретінің оны қимайтының көрініп тұр балам. Бірақ бәрібір салтымызға келмесе келешектерің өте ауыр болады, ертең сендерден өрбитін бала-шағаларың сендерді қарғайтын болады қалқам, ойлашы олардың нағашысы да, туысқаны да өзің болып шығасың. Мен бұндай жағдайлардың талайын көргенмін. Сені жақсы түсінемін, бар жан-тәніммен егіліп отырсам да бұның дұрыс деп айта алмаймын. Бұрын не айтқаным ойымда жоқ, қазіргі айтарым үлкендерге жасырмай шындығыңды айт, әркім өз руын жақсы біледі, мүмкін олар бір жолын табар. Мына жерде Жаныс руы туралы біршама шежіре бар екен жақсылап оқып көрші: http://www.elim.kz/article/57/