+1 дауыс
510 көрілді

Жапондықтар істен, сөзге көшейікші!-деп жалынады екен. Әзіл.

Еңбекқор ұлтты қалай қалыптастыра аламыз? Жапон, Қытай елдеріндегідей еңбекқорлықты қалай арттырамыз?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Шығыс Азия халықтарында қоғамдық қатынастардың конфуцийшілдік жүйесі қалыптасқан. Яғни, басшы бағынушыға баласы ретінде, бағынушы басшыға әкесі ретінде қарауға міндетті. Кез келген қызмет орнында басшының айтқаны екі етпей орындалады. Бұл - аталмыш елдердегі еңбек өнімділігінің артуындағы негізгі факторлардың бірі.  Шығыс Азия халықтарындағы еңбекқорлықтың тағы бір себебі, "шығар жолдың" болмауы. Жанталасып оқымасаң, елмен қатар еңбек етпесең, қоғамнан өз орныңды таппасаң, бір тамшы мұнайы, бір грамм пайдалы қазбасы жоқ елде (Жапония, Оңтүстік Корея) халықтың өз еңбегінен басқа арқа сүйейтін ештеңесі жоқ. Сондықтан кез келген ортада қызу бәсеке қалыптасқан. Біздегідей емес, оқу ақысы бірнеше есе қымбат, оқу гранттары әлдеқайда аз, жұмысқа орналасу үшін бірнеше этаптан тұратын сынақтан өтеді. Ал жұмысқа кірген соң тағы да бәсеке күтіп тұрады. Сондай-ақ, Шығыс Азия қоғамында "жолы болып" (ата-анасының ақшасымен) байығандардан гөрі өз еңбегімен табысқа жеткендерді құрметтейді.
+1 дауыс
Мемлекетке қол жайып қарап отыратын социалистік идеяны жойып, нарық жүйесінің бәсекеден тұратынын халықтың ұғынуы керек. Басқаларға үлгі болу үшін мемлекет еңбекке құлшыныс танытқан азаматтарға, орта және шағын бизнес ашуға жағдай жаратуы керек. Сонда ғана халық еңбек етсең, нәтиже шығатынын түсінеді. Еңбекқор ұлт қалыптастыруға халық пен билік бірдей ат салысу керек деп ойлаймын.
–1 дауыс
Негізі өзімізде сәл жалқаулық бар.жалқау келеміз.Қасыңда інің болса жұмсағың келеді ше
...