+3 дауыс
861 көрілді
Әлемде немістердің, жапондардың, америкалықтардың еңбекқор халық екені айтылады. Бұл қатарға тағы кімдерді жатқызуға болады? Ең еңбекқор халық деп қай елді айтамыз?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

1960 жылдары БҰҰ-нан азық түліктің өзін көмек ретінде алған, соғыстан кейін өнеркәсіптің тамтығы да қалмаған, бірақ 2015 ЖІӨ бойынша әлемде 13-орынға көтеріліп, БҰҰ-дағы ең үздік қайырымдылық шарасына қатысушы елдер қатарында тұрған бір-ақ ел бар. Ол- Оңтүстік Корея. Мен еңбекқорлық деп осыны айтар едім)) 

+2 дауыс
Қытайлар ше? Бірдеңені бірдеңеге қосып дұрыс зат шығармасада еңбекқор сияқты) Күнін көру үшін бірдеңені ойлап табатын.
+1 дауыс
«Форбс» журналының зерттеуі бойынша қазіргі кезде әлемдегі ерекше еңбекқор халық Оңтүстік Корея болып табылады. Аталған елдің азаматтары жылына 2357 сағат еңбек етеді екен. Барлық мекемелер аптасына алты күн жұмыс істейді. Ал жылдық демалыс біздегідей бір ай емес, бар болғаны үш күнді құрайды. Еңбекқор халықтардың тізімінде екінші болып гректер аталады. Азаматтар жылына шамамен 2050 сағат бел жазбай жұмыс істейді екен. Одан кейінгі орындардан чехтар, венгрлер, поляктар көрінді. Ал АҚШ халқы еңбекқорлық жағынан 9-орында, олар жылына орта есеппен 10 күн демалыс алады. Британиялықтардың жылына 20 күн заңды демалысы бар. Сол сияқты Таиланд, Малайзия, Гонконг, Бангладеш және Шри-Ланка, Қытай тұрғындары да еңбекқор халықтардың рейтингіне енді.
–1 дауыс
Ең еңбекқор халық қазақтарғой .
мақтануды ғана білетін халықпыз ғой))
+1 дауыс
Қытайды жатқызуға болады. Олар құмырсқа сияқты. Жалпы ризамын ол халыққа. екінші орынға қоямын, ал бірінші орынды Жапондарға берер едім
е әріпі қайда?
Асығып жүріп бір жерде қалып кетіпті шақырып алдым))
)))......
–1 дауыс

Басқа елді еңбекқор дегенмен,  ол елдің бізге дым пайдасы жоқ, ал егер өзімізді еңбекқор десек бұл сөзде пайда бар, әрине бүгін емес, ертең емес бырақ арғы күнгі бауырларымыз біздерден үйренеді  еліміздің қандай екенін,  жоғарыда келтіріліп жатқан статистика өткен күндердің шындығы,  енді болатын шындықты біздер өзіміз жаратамыз !!! 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЕҢБЕКҚОР ХАЛЫҚ ​ !!!

керемет!!))
Ол жағын көре жатармыз.
Аттасыммен Жанармен келісем) Болашақты бүгінге айналдыру қаншалықты тиімді екенін біле алмадым))
Маған қоймаңыздар))))МенҚазақ халқы еңбекқор деп үлкенмен жазып қойыпты,соған айттым)))))
Болашақ бүгіннен басталады !!!  Мұғалімдердерді қайтадан оқытыу керекпе деп қалдым ?!
Түсінбедім бұл жерде мұғалім туралы əңгіме болды ма? Бірақ ойыңыз дұрыс қазіргі таңда дəрігер мен мұғалім деген атты жамылған сауатсыздар мамандар көп. Бұған да шара қолдану керек.
...