0 дауыс
1.9k көрілді
Махаббат туралы өлеңдер жазсаңыздар?

4 жауап

0 дауыс
Білектей арқасына өрген бұрым... Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? Аласы аз қара көзі айнадайын, Жүрекке ыстық тиіп салған сайын, Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді, Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын? Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ, Болады осындай қыз некен-саяқ. Піскен алма секілді тәтті қызды Боламын да тұрамын көргендей-ақ. Егерде қолың тисе білегіне, Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе. Бетіңді таяп барсаң тамағына, Шымырлап бу енеді сүйегіңе. Абай Махаббат па?.. Махаббат па? Махаббат болған еді. Таудың мен еркін жүрген тағысы едім, Тапты да,түсірді ғой торға мені. Махаббат па? Махаббат болған менде. Жиі барғам аққулар қонған көлге, Ал қазір тоңған жүрек,солған кеуде. Ғашықтық па? Ғашық та бола білгем. Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен, Жанымменен сүйемін,жанарыммен. Сағыныш па? Қалай оны тауыса аламын. Сағынғанмын,шөлдегем, Ақыры шаршағаным,шаршағаным. Сүйгенім бе? Сүйгенім өмірде емес. Ұйықтасам, түнде түсім, көңілде елес, Өлгенше кетер емес көңілден еш... Мұқағали Мақатаев О, махаббат! О, махаббат, сен әлі тірі ме едің? Көзімнен ғайып болған күнім едің! Гүлім едің, Елтіген түнім едің. О, махаббат сен әлі тірі ме едің?! Мен сені ұмытқанмын Жылытқаның есте жоқ, суытқаның, Суып қаным, Жинағам құрып хәлім. Құлаған отауымның уықтарын, Содан бері мен сені ұмытқанмын. О, махаббат, сен әлі тірі ме едің? Тірі болсаң, мен де енді тірілемін Ақ періште алдына жүгінемін, Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені! Мұқағали Мақатаев Мың жұлдызы бар болса да... Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны, Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны. Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып, Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық! Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары, Маңдайда емес, жүректе - Ғашықтардың жанары. Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп, Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп. Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны, Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!
http://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/885/# алдым.
+1 дауыс
"СҮЙМЕЙМІН"!

Сен өзгемен жүргенде "ах" ұрмадым,
Тұрды бірақ сұрақтар басымда мың.
Алма-кезек дүниені көрмеймісің,
Енді өзіңе қайтарып жатыр бәрін.

Бұрын сені күткенмін құлап-талып,
Оңашада жүргенмін жылап та алып.
Енді не деп қызғанасың, түсінбеймін?!
Кеткенімде өзіңнен жырақтанып.

Бір кездері бұрылмай кетіп едің,
Енді неге сыршылдай шешілдің-ақ?!
Қашан менің бағама жетіп едің?
Енді сені "СҮЙМЕЙМІН"! Кешір бірақ...
0 дауыс

Тыңдап көр


Прослушать или скачать 56 Дорож а 56 бесплатно на Простоплеер
+1 дауыс
Жылама жүрек,жылама бекер,
Осынша уақыт сүйгенiм жетер.
Мұң мен қуаныш,бiр келер кетер.
Сондықтан доғар,бұл күнде өтер.
Жылама жүрек,жылама болды.
Өзiңдi қинап сағынба оны.
Өткен күндерiм,тек мұңға толы..
Осымен бiттi махаббат жолы.....!
Мен жыламаймын,мейлi жүрек жыласын...
Мен мұңайсамда,сен бақытты шығарсың?!
Жүрегiмдi тек,жылатуға құмарсың...
Бiрақ,бiр кунi сенде бәрiн ұғарсың!

 

Хабарсыз кеттіңіз көп уақыт…
Ұқпадым
Жоғалттық нені біз?!
Ұялшақ жүректі тулатып,
Сіз мені «сүйем» деп едіңіз….

Ойымнан шықпайсыз күні-түн…
Сіз жоқсыз….(Өмірім мұздады-ай)
Біз шерткен сырларды ұмытып,
Алаңсыз жүресіз Сіз қалай?!

Үміті жылатпай жетелер
Көңілді…
Біз жүрген іздермен.
Мен Сізді жек көріп кетер ем,
Жүр мені Серт қинап Сіз берген…

Уәдеміз бір еді.
Білемін…
Мен берген Сертімді бұзбадым!
Селт етпей мен суйген жүрегің,
Қай жерде отырсыз Сіз…
Жаным…

 

°°Ғашық болғым келмейдi азабы көп°°»
°°Түсiнбейтiн пенденiң мазағы боп°°»
°°Ғашық болу шiркiн- ай.... тамаша ғой°°»
°°Бiрақ қазiр махаббаттың aдалы жоқ...°°»

 

Шын сүйсе,сүйгенді бағалай біл!!
Сүймегенге жалынба қарамай жүр!!
Сүйген жан өзі келер жақын күнде!!
Ол сені әлі іздеп табалмай жүр!

Тағдыр-қатал, Көздерімде тұр қайғы...!
Достар-қатал. Сөздерінде тұрмайды...!
Сағат-қатал, Бір уақытта тұрмайды..!
Уақыт-қатал, Жастығымды ұрлайды..!
Сезім-қатал, Махаббат шын болмайды...!
Жүрек-қатал, Өзге жанға бұрмайды...!
Барлық жанға-махаббат қайғы сыйлайды...!
Өткінші өмір.... Барша жанды қинайды...!

Ұқсас сұрақтар

+6 дауыс
17 жауап
+1 дауыс
6 жауап
...