Ахмет Йгүнеки қай жерде туылған?

0 дауыс
697 қаралым
Ахмет Йгүнеки қай жерде туылған?
Тұлға, Адам

2 жауап

+1 дауыс
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған.
0 дауыс
Йгүнеки Ахмед (Әдиб Ахмед ибн Махмұд Йгүнеки, ХІІ-ХІІІғ.ғ.) ойшыл, ақын. Түркістан маңында дүниеге келген. Көп оқып, білімдар (әдиб — «оқымысты, жазушы» деген ұғымды білдіреді) атанған, түркі, араб және парсы тілдерін жетік білген. «Ақиқат сыйы» атты әйгілі  дидактикалық поэма жазған. Дастанның түпнұсқасы жойылып кеткен, үш қолжазбасы және олардың үш түрлі үзінділері сақталған (Стамбул). Оның біреуі Сауран қаласы әмірінің бұйрығымен көшірілген. Қазақшаға аударылып, араб тіліндегі нұсқасымен қоса 1985 жылы «Ғылым» баспасында жарық көрген.
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы