+1 дауыс
Жұмыстан жаңадан тұратындарға, қандай құжаттар керек?
25.11.2014 4.2k қаралым

4 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Жұмысқа қабылдауға қажетті құжаттар тізбесі.

1.           Жұмысқа қабылдау туралы қызметкердiң өтiнiштерi

2.         Төлқұжат немесе жеке куәлiгi (көбейтiлген нұсқа)

3.         РНН көбейтiлген нұсқа

4.         СИК көбейтiлген нұсқа

5.         Еңбек кiтапшасы (түпнұсқа )

6.         Зейнетақы (сақтандыру ) куәлiк қағазы

7.         Бiлiм туралы құжат (көшiрмесi)

8.         Денсаулық жағдайы туралы дәрiгерлiк шешiм (флюорографияның өтуi туралы психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден мәлiмет).
26.11.2014
үздік деді
0 дауыс
Қандай жұмыс екеніне байланысты. Мысалы уборщик, дворник сияқты жұмыстарға жеке куәлік болса жеткілікті.
25.11.2014
ал медициналық кітапша ше?)Мүмкін ол адам жұмысқа жарамсыз шығар?
Жарамаса 1 күннен соң өзі-ақ кетіп қалады..
+2 дауыс
Егер жауапты жұмыс болса, яғни мемлекеттік жұмыс орнына болса, онда міндетті түрде түйіндеме (резюме) жасау керек, яғни онда өзіңіз туралы толық ақпарат жазылады.Жалпы мәліметтер,кәсіби біліктілігі, тілдерді білуі, жеке қасиеттері, жұмыс өтілі. Диплом болу керек, сертификат, мақтау қағаздары болса, оны да ала барған жөн. Сонымен қатар медициналық тексерістен өту керек медициналық  кітапша. Біздің жақта осылай қабылдайды.
26.11.2014
+1 дауыс
Жеке куәлік, диплом не куәліктің (сертификаттың) көшірмесі, №086у медициналық анықтамасы, автокөлік жүргізу үшін тағы праваның көшірмесі керек.
26.11.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы