+3 дауыс
1.3k көрілді

Парашют қандай жағдайда ашылмай қалады?

Ю тубта,теледидарда көріп жатамын адамдар парашютпен секіріп жатады,сол көріп отырып қатты қызығамын мен секірсем екен деп.



Бірақ мені бір ой мазалай береді егер секірген жағдайда парашют ашылмай қалса не болады екен деп!

Парашют қандай жағдайда ашылмай қалады?

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Парашюттің басты қауіптілігі – ол кез келген уақытта ашылмай қалуы мүмкін. Бұған басты себеп: дұрыс жиналмауы, ашылу кезінде дененің дұрыс қалыпта болмауы, конструкциялық кемшіліктер, жабдықтың ескіруі. Парашют толық және жартылай ашылмай қалуы мүмкін. Негізгі парашют ашылмай қалған жағдайда қосымша парашют көмекке келеді. Мұндайда жерге қауіпсіз қону болмауы мүмкін.
Парашют спортымен айналысу үшін арнайы оқу-жаттығудан өтіп, арнайы сертификат алу қажет. Әлемде көптеген елдер америкалық FAR TSO C23 сертификатын пайдаланады. Еуропа елдерінде TSO, ETSO, JSTO сертификаттары қолданылады.

0 дауыс
Дұрыс жинасаң ашылуы тиіс. Парашют ашылмаса екінші парашют болады. Қорықсаң самолеттен секірмей жатып ашып ал))
0 дауыс
Қазір 2ші парашют бар, егер 1-шісі ашылмай қалса, соны ашады
0 дауыс
Десантниктерге ұшақтан парашютпен секіртіп үйрету жүріп жатады. Сонда бір жас десантник инструктордан сұрапты: Егер парашют ашылмай қалса не істеймін? - деп. Инструктор: Онда екінші парашютті ашасың - деп жауап беріпті. Десантник: Ал екінші парашют те ашылмай қалса не істеймін? Инструктор: Онда қоймаға барып, басқасына ауыстырып аласың ))
0 дауыс
Ажалың жеткен кезде ашылмай қалады.
0 дауыс
Дұрыс жиналмағанда ашылмауы тиіс!Ажалың жеткенде ашылмауы тиіс!
...