Кітап, Әдебиет | 229k қаралды
229k қаралды
Ерте кетіп жұмысқа,
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.
Жаз келісімен,күн қызып,
Машинасын жүргізіп,
Барлық көрші баланы
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын даланы,
Қыдыртатын қаланы-
Әкем менің қандай-ды!
Қарағанда басқаға,
Қызықты көп бастайтын.
Күнде ертемен бақшаға
Мені апарып тастайтын.
Талай-талай істерде
Үлгі болар біздерге
Ағам менің қандай-ды!
Төрт жас үлкен өзімнен,
Оқи,жаза білетін.
Мені титтей кезімнен
Ойнатуды сүйетін.
Кітабынан кіл қызық
Әңгіме оқып беретін-
Әпкем менің қандай-ды!
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!
Титтей бөбек кезімнен
Әлдилеген емізген,
Еркелетіп күлгізген,
Алғаш «апа» дегізген.
Кішкентайы-мен үшін
Тағат,байыз таппайтын,
Не жемесін, не ішсін,
Менсіз тағам татпайтын.
Шомылдырып кешкісін,
Мен жатпасам,жатпайтын-
Анам менің қандай-ды!

Отбасы туралы шағын өлең,тақпақтар керек?

11 жауап

Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!

Титтей бөбек кезімнен
Әлдилеген емізген,
Еркелетіп күлгізген,
Алғаш «апа» дегізген.

Кішкентайы-мен үшін
Тағат,байыз таппайтын,
Не жемесін, не ішсін,
Менсіз тағам татпайтын.
Шомылдырып кешкісін,
Мен жатпасам,жатпайтын-
Анам менің қандай-ды!

Ерте кетіп жұмысқа,
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.

Жаз келісімен,күн қызып,
Машинасын жүргізіп,
Барлық көрші баланы
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын даланы,
Қыдыртатын қаланы-
Әкем менің қандай-ды!

Қарағанда басқаға,
Қызықты көп бастайтын.
Күнде ертемен бақшаға
Мені апарып тастайтын.
Талай-талай істерде
Үлгі болар біздерге
Ағам менің қандай-ды!

Төрт жас үлкен өзімнен,
Оқи,жаза білетін.
Мені титтей кезімнен
Ойнатуды сүйетін.
Кітабынан кіл қызық
Әңгіме оқып беретін-
Әпкем менің қандай-ды!
Жақсы Жауап
1. Ең жақын адамдар,
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі,
Ақ басты атам бар.
Әкемнің шешесі,
Ақ шашты әжем бар.

2. Ұлдардың үлкені,
Бір туған ағам бар.
Қыздардың үлкені,
Бір туған әпкем бар.

3. Ұлдардың кішісі,
Бір туған інім бар.
Қыздардың кішісі,
Бір туған қарындас,
Әпкеге - сіңлі бар.

Шашу өлең​

От басы – жылы ұямыз,
Тірегі – ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында,
Уылжып біздер өсеміз.

Осында үлгі аламыз,
Осында адам боламыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында өсіп толамыз

Тәрбие мектеп – от басы,
Ақылды баулып, тіл ұштар.
Өрімдей тезге тартылған
Әдепті бейне дұрыстар.

Ата-ана болса өрнекті,
Ұл мен қыз өсер көрнекті.
Әуезов Мұхаң айтқандай:
Түзейік бесік-жөргекті.

Естеу НҮСІПБЕКОВ,

анам әкем жанымда ата-әжем қасымда оларды көру бір бақыт ән саламын тамылжып
Шын айтсам үлкен рахмет сендер осы бізге балаларға сондай керемет өлеңдер, тақпақтар жинап беріп жүрсіңдер. Қазақ халқының атақты ақындарын еске түсіріп жүрсіңдер. Сондай адамдар қазір керек. Құдай қаласа балалар қазақ аөындар сияқты жазатын болады.
Үйде бар өте әдемі әйел,

Оның аты "ана".

Үйде бар өте күшті аға,

Оның аты "әке".
Əке асқар тау Ана қасындағы құрақ
Агалардын ишинде менин агам адеми, ренжимеши женеше сен одан да адеми деген таппак керек ед
Отбасым менің - бақытым
Отбасым менің - шаттығым

Отбасым барда ешқашан
Үзілмес менің үмітім
Кимана на бет саманана сет болыдго
Ен жақын адамдар
Әкем мен анам бар
Әкемнің әкесі
Ақ басты атам бар
Әкемнің шешесі

Ақ шашты әжем бар
118,563 сұрақ
305,793 жауап
153,304 пікір
68,228 қолданушы