0 дауыс

Жеке би қашан дамиды?

Біздің қазақ — дарынды, өнерпаз халық, ән,күй деген мұрамызда шек жоқ. Ал бұл қазақ халқынан қалған биден мұра өте аз. Жаңа ұрпақ осы биді қолға алғаны жөн. Қазақтың мидай даласы… Көкпарды көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Бәйгені көрдіңіз бе? Жорғаның жүрісін көрдіңіз бе? Міне, осының бәрі қимыл-қозғалыс. Аттың желісі, жәй жүрісі, сылбыр жүрісі – осының бәрі би емес пе, би. Қазақтың күйін тыңдап көріңіз, қандай әуен иірімдері, ырғақтар жатыр. Қол өнері, ағаш үйдің өзі, ою, кілем тоқу, өрмек тоқу, ши орау, осының бәрі қимыл, осының бәрін ойлап музыкасын тауып, сәйкестірсең би болып шығады.

22.11.2014 527 қаралым

2 жауап

0 дауыс
Жорғаның жүрісі дейсіз бе?  Соны ата-бабамыз байқағанда, біз байқай алмадық-ау деймін шамасы. Жорғаның жүрісін бейнелейтін биімізді қырғыздарға бере салдық. Қазақта жорға ат болмағандай...
23.11.2014
0 дауыс
Әрине, оған сіз болып біз болып дамытуымыз керек?
23.11.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы