–2 дауыс
1.7k көрілді

Қазақ футболын қалай дамытып, өркендетеміз? Қазақ футболы қашан дамиды?

қазақстан жанкүйер, қазақстан футболы

Футбол - әлемдік аренада үлкен мәнге ие болып тұрған спорттың бірі. Және бизнес көзіне айналып отыр. Әлемнің азулы деген футболистері футболдық клубтар ұсынған миллиондаған доллар мен евроға жалданып даңқтары мен дәулеттерін асыруда! Ал бізде ше... Қазақстандағы футбол командаларының қай-қайсысын алып қарасаңыз да, қазақ футболистерінен гөрі басқа ұлт өкілдерін көптеп кездестіруге болады. Бұлардың көпшілігі алыс-жақын шет елдерден ақшаға жалданып келген ойыншылар екенін біреу біліп, біреу білмес! Менің ойымша, болашақта футбол командаларының құрамын толықтай өзіміздің қарадомалақ қазақ балаларынан жасақтамай ҚАЗАҚ футболының алға басуы екіталай! Бұл мәселеге тек спорттық тұрғыдан қарамай, мемлекет тарапынан ұлттық жанашырлықпен мән берілуі тиіс! Ол үшін жоспарлы бағдарламалар жасалып, осының негізінде мемлекеттен қаржы бөлінуі тиіс! Осы қаржылардың көмегімен тек ересектерге арналған клубтар ғана емес, жасөспірімдер клубтарын да құруымыз қажет! Ауылдық жерлерде футбол секцияларын ашуды ұйымдастырып, спортты насихаттау жұмыстарын жан-жақты күшейтіп, жергілікті команда аралық жарыстарды жиірек өткізіп, жастардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмастырып отыру ҚАЗАҚ футболын өркендетудегі алғышарттардың бірі екені анық! 

10 жауап

+4 дауыс
Қызық... Жауап сұрақтың ішінде жасырынып тұр екен:

"Бұл мәселеге тек спорттық тұрғыдан қарамай, мемлекет тарапынан ұлттық жанашырлықпен мән берілуі тиіс! Ол үшін жоспарлы бағдарламалар жасалып, осының негізінде мемлекеттен қаржы бөлінуі тиіс! Осы қаржылардың көмегімен тек ересектерге арналған клубтар ғана емес, жасөспірімдер клубтарын да құруымыз қажет! Ауылдық жерлерде футбол секцияларын ашуды ұйымдастырып, спортты насихаттау жұмыстарын жан-жақты күшейтіп, жергілікті команда аралық жарыстарды жиірек өткізіп, жастардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмастырып отыру ҚАЗАҚ футболын өркендетудегі алғышарттардың бірі екені анық! "))
0 дауыс

Құр ақшаны ғана бөліп, ауылдарда алаңдар салып, жастарға допты бере салғаннан біздің футбол дамымайды. Ең бастысы шет елдерден білікті мамандар қажет. Тіптен осы жасөспірімдерді шет елдерге әсіресе бразиля, англия, голландия сияқты елдерге контрактпен жіберіп, сол жақтардағы футбол мектептеріне беру керек. Өйткені біз бұл мемелекеттерден көп қалып қойдық. Оларда футбол қатты дамыған. Біздегі жаттықтырушылар қанша күшін, тәжірибесін салып дайындағанымен, анау айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізбейтініміз анық. Оған егемендік алғаннан кейінгі осы уақыт ішінде "жетістіктеріміз" дәлел бола алады. Содан кейін ғылыми зерттеу институттары керек. Мысалы, Қытайда қандай спорттың түрі болмасын ғылыми тұрғыдан зерттеледі. Ол дегеніміз не? Ол дегеніміз, спортқа келетін жасөспірімнің генетикасы, физикасы, қабілеттері қай спортқа сай келеді, яғни сол спорттың түріне қабылданады. Тіптен әке шешесінің физикалық қабілеттері тексеріледі. Өйткені бала өскен кезде қайткен күндеде не әкесіне, не шешесіне тартады ғой. Спортшылардың тағамдарына да аса мән берілуі қажет. Жастарға мүмкіндік беру керек деп құр ұрандай бергеннен түк шықпайды. Содан кейінгі мәселе, халықтың футболға деген қызығушылығы. Егер стандиондарда дәл қазіргідей 3000 әрі кетсе 5000 көрермен отырса, қызықты әрі тартысты футбол болады дегенге мен сенбеймін. Дегенменде қазақтанда Зидан, Шевченколар шығады деп үміттенейік.

0 дауыс

Иә, бүгінде спорт халықаралық деңгейде елдің намысын асқақтатын бірден-бір жотл екені рас. Әсіресе, футбол. Қалай айтсақ та, елімізде бұл сала кенже қалып жатыр. Ұлттық құрамадағы ойыншыларға қарап жанын ашиды. Өз қаракөздеріміздің футбол добын тебуге құлшынысы жоқ па, әлде әлдебір дөкейлердің алдынан өте алмай, мүмкіндігі аздау болып тұр ма? Меніңше, біздің командалардың, әсіресе, ұлттық құраманың жақсы ойын көрсете алмауының себебі де осы. бізге легионерлердің қажеті жоқ! Кезінде "Жеңіс" пе, әлде "Жалын" ба, атын ұмытып тұрмын, дүркіреген футбол мектебі болған. Бүгінгі "футбол жұлдыздары" Смақов пен Жұмасқалиев сол жерден шыңдалып шыққан жігіттер. Бұл - факт. Сондықтан бізге жақсы спортшылар даярлайтын арнаулы орындар керек. Және олардың түлектері түнгі қалада гоп-стоп жасаумен емес, кәсіби спортпен айналысуы керек. 

0 дауыс
Жас дарындар енді өсіп келеді, асықпаңдар.

Қазақстанда жақсы футболшылар пайда бола бастады.

Бауыржан Исламханды айтар едім, өте жақсы ойын көрсетеді, сол сияқты тағы 10 футболшы болса, біршама дамып қалар едік.

алдағы 15-20 жылда Қазаө футболы көтеріледі.
0 дауыс
Қашан жанкүйерлер кобейіп, қашан футбол школдар кобейеді, сонда дамиды.....
0 дауыс
Жалпы футболдың қазіргі таңда әлемде алатын орны ерекше. Қазақтар футболға қызықпайды емес, мүмкін ойнамайтын шығар. Шетелдік легионерлерді шақырту дұрыс емес деген пікірге қосылмаймын. Өйткені легионерлердің болуы әлемдік футболдағы үйреншікті жағдай. Мысалы футболы жоғары дамыған Европа елдерінің барлығында сырт елден келген ойыншылар жетерлік. Тек футболды дамытамыз деп әр нәрсеге ұрынғаннан көрі, футболды ұлттық идеологиямыздың бір бөлігіне айналдыру қажет. Өткен жылғы әлем чемпионатын көзбен көріп келген "Жас Алаштың" тілшісі: "Бразиялияда бірінші дәрежелі спорт бұл - волейбол, ал футбол ең басты ұлттық құндылықтардың бірі екен" - деп жазған болатын. Ол дәрежеге жеткізе алмасақ та, бүкіл қазақ елі болып, шамамыз келгенше футболды насихаттауымыз керек шыгар. Теледидарда чемпиондар лигасының ойындары болса жабылып көріп, айта-айта жүреміз, ал Қазақстан құрамасы ойнаса елеусіз қалып жатады. Европаның алақандай елдері әр кезеңдерде бір серпіліс жасап әлем чемпионатына, еуопа чемпионатына қатысып жатады. Мүмкін солармен тәжірибе алмасу дұрыс болар.
0 дауыс
қазір қазақстан құрамасы жетісіп жақан жоқ футбол дамыту үшін ауылға барып футбол мектеп академияларын ашу керек жас таланттарды іздеу ал қазір дамымауының себебі,жоғарыдағылар өз жақындарын тариады жақсы өзінің елінің құрамасының атынан ойнай алмай жүрген таланттарды қосу керек мол кезде ғана қазақ футболы әлемге танылады!!!!
0 дауыс
Мақаланы қайдан алдыңыз?
0 дауыс
Дамып келе жатыр, Құдайға шүкір. Қазақстан құрамасы болмаса, клубтары былай соңғы минутқа дейін ойнайды.Астана Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінен шықса, керемет болар еді.
0 дауыс
Уу,Вперед,Астана,и.др деп айқайлаймыз,қаттырақ)))))

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
15 жауап
–2 дауыс
28 жауап
+2 дауыс
9 жауап
...