+5 дауыс

Жанар жеңіске жетті деп жұрттар мәз болып жатыр (мен де мәз болып отырмын өзімше) Бірақ кім екенін, неден жеңіске жеткенін білмейді екем (айтып жібересіздер ме)

22.11.2014 7.3k қаралым

5 жауап

+12 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Жанар Дұғалова "Түрквижн 2014" жеңімпазы атанды

Татарстанның Қазан қаласында аяқталған  халықаралық "Түрквижн 2014" ән байқауында Қазақстан намысын қорғаған Жанар Дұғалова 1-і орын иеленіп, жеңімпаз атанды!

Финалда үшінші болып өнер көрсеткен Жанар Дұғалова 225 ұпай жинады. Ол байқауда Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған төл туындысы "Ізін көрем" әнін орындады.

Жанар жартылай финалдан соң үшінші орында тұрған болатын. Ол ақтық сайыста екінші орындағы Татарстан әншісінен 24 ұпай артық жинады.

Финалда әнші қыз көз жасына ерік беріп, Қазақ елінің байрағын көкке көтерді!

Жеңімпаз Жанар Дұғалова мен Қазақстан халқын Татарстан президенті Рустам Минниханов тарихи жеңіспен құттықтады!

22.11.2014
Ой рахмет, жеңісіміз құтты болсын!
+1 дауыс
Жанар Дугалова  Turkvision 2014 атты  шарада қазақ қызы  намысты қолдан бермеді.  1 орынды иеленді. Орындаған әні Ізін көрем
06.01.2015
+1 дауыс
Керемет нәтиже. Жарайсың Қазақстан.
16.01.2015
0 дауыс
продьюсерi Баян Есетаеваго сол болмаса 1-орын тyгiл орында алмас едi
30.01.2015
0 дауыс
Ол оте кушті анші. Ол Ізін корен анін оте керемет орындады. Содан болар женіске жеткені. :-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-):-)
06.02.2015
127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,996Қолданушы