0 дауыс
504 көрілді
Адвокаттық қызметке лицензия алу үшін ҚР тысқары Ресей немесе Өзбекстан сияқты елдерде 10 жылдан астам уақыт прокуратура органдарында жұмыс істегендерге міндетті түрде аттесттаудан өту керек пе?

1 жауап

0 дауыс

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдарындағы және мекемелеріндегі жалпы еңбек өтілін және еңбекке сіңірген жылдарын өзара есепке алу туралы» 1998 жылғы 25 қарашадағы келісімге сәйкес, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарындағы еңбек қызметімен байланысты пайда болған прокуратура органдарының прокурорлары мен тергеушілері, прокуратураның ғылыми және білім беру мекемелерінің ғылыми және педагогикалық қызметкерлері ретіндегі жеңілдік тәртіппен есептелгенді қоса алғандағы еңбек өтілі және еңбекке сіңірген жылдары, еңбек сіңірген жылдар үшін ішкі заңнамамен көзделген мөлшердегі жалақыға үстемеақыларды (қосымша ақыларды) төлеу үшін Тараптармен өзара танылады және бір жақты тәртіппен өзгертуге жатпайды. Қолданыстағы заңнамада Қазақстан Республикасынан тыс прокуратура органдарында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдарға адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін қандай да бір жеңілдіктер көзделмеген. Осылайша, лицензия алу үшін адвокатта тағылымдамадан өту және Әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өту қажет.

Ақпарат: http://www.adilet.gov.kz/kk/faq

...