+3 дауыс
1.0k көрілді
Әлеуметтанушылардың соңғы зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда Ресейге қосылуды армандайтын халық саны 50%-дан асып жатыр. Осы сұрағыма өз пікірлеріңізді жазыңыздаршы маған

11 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстанда Ресейге қосылуды армандайтын халық саны 50%-дан асып жатыр дегенге сену қиын.
Мен бұл тұрғыда осындай зерттелерді кездестіргенім жоқ. Төмендегі өткен отырыс туралы оқыдым.
Қазақстанда эмиграциялық ахуал қарқын ала бастағаны байқалады, әсіресе орта класс өкілдері арасында. Бұл туралы таяуда Алматыда, Саяси шешімдер институты клубында «Қазақстандағы эмиграция» тақырыбымен өткен отырыста экспертті-қолданбалы бөлім маманы Андрей Скуратов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазан айында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, потенциалды эмигранттың портетін жасап шығаруға болады.

«Сіз Қазақстаннан көшу туралы ойланып көрдіңіз бе?» деген сұраққа респонденттердің 28,5 % - «Ия» деген жауап берген, бұл – 646 адам. «Бір қарағанда, алаңдатарлықтай сан емес. Ал егер республика масштабында проекция жасар болсақ (аймақтар бойынша саналса), қалада тұратын 2,5 миллион адам көшу туралы ойланып жүр деген сөз» - дейді эксперт.
«Тұрақты мекен жайды (ТМЖ) шетелге ауыстырғысы келетінін» сұралғандардың 48% растаған не бұл туралы ойланып жүргенін мойындаған. «Республика бойынша бұл 1,1 миллион адам» дейді Скуратов. Көшпеймін деп кесіп айтқандар саны, Саяси шешімдер институты мамандарының есебі бойынша, 28,7 %.
Эмиграция себептеріне тоқталар болсақ, респонденттер елдегі тіл саясатын көшуге итермелейтін басты себепке жатқызбайды. Мемлекеттің тіл саясатын «бетке ұстап», көшуді ойлап жүргендер саны – 13%. Себептер тізімін – материалдық-экономикалық жағдай бастап тұр.
Респонденттердің 19% - өздерінің тұрмыстық жағдайына байланысты мекен-жай ауыстырғысы келеді. Одан кейінгі кезекте лайықты жұмыс тауып, карьера жасау мүмкіндігі шектеулі деп санайтын азаматтар тұр. Олар - 15%.
Саяси шешімдер институты мамандары осы сұрақ бойынша жауап бергендердің этникалық ерекшеліктеріне тоқтала келе, қазақтардың 34,3% карьералық өсу мүмкіндігі аздығын алға тартқан дейді. Ал орыстардың 65,6% - тіл саясатын мысалға келтірген.
Сауалнама материалдарына сүйенер болсақ, көшуге бел байлағандардың басым бөлігі Қазақстанның Солтүстігінде (27,4%) және Батысында (21,7%) өмір сүреді.
Солтүстікте көбі орыстар десек, көшулері түсінікті. Ал, батыстағылар биліктің жүргізіп отырған саясатына қарсылар. Бұл жақта экология нашар, жұмыссыздық, бар болса да, есектің жұмысын жасатып, қарғаның ставкасын (ірімшік) береді, жаппай коррупция, енді терроризм тағысын тағылар.
өзіңіз жаздыңыз ба ойыныз ұшқыр екен
Өзім жазбай, кім жазып берсін. Деректерді интернеттен алдым.
Қайдам брат айта салдын ғой
+4 дауыс
Ол деректі қайдан алдың? Ресейге қосылуды қалайтындар кімдер сонда?
+3 дауыс
50 пайызы қосыламыз десе, оған таңғала қоймаспын
+3 дауыс
Дұрыс емес,қайта Ресейдегі адамдардың 50 %-ы армандайтын шығар,құлағың шалыс естіген болар...

Прост осы сұрақ қойылғандский https://surak.baribar.kz/32463/ осыны оқырсың...
+5 дауыс
Ресейге қосылуды армандап жүргендерге КеТ Н..... Ресейге!!!! Бұл Қазақтың жері Бұл жерде тек қана ҚАЗАҚТАР БИЛІК ЕТЕДІ!!!!!!!!!!
Дұрыс айтасын бауырым!
+5 дауыс
Қазақтар енді бөлініп өз тауелсіздігін ала бергенде кім косылгысы келіп журген? нақты факт жоқ гой! Ресей болар тағы бір құйтырқы арекеті да!
+5 дауыс
Бұл ақпаратты қайдан алды? Әлде өтірік қоя салдың ба қазақтың намысына тигің келіп? Қазақтың 1 пайызы да осылай ойламайтыны анық қой. Орыстардың қолында АДАМ қатыранан алыстатып жіберген ғой аталарымызды. Қазір біз орысты менсінбей жүргенде тағыда орыстардың езгісінде болуы қалайтый қандай ақымақ?
---Мұндай өтірік ақпарат таратқанды тауып берші! а* терісін басына қаптайын.
+2 дауыс
Тәуелсіздік  алғанымыз   куні  кеше  емес пе еді?
+4 дауыс
Дос,сұрағыңды дұрыстап қой,"сөз тас жарады,тас жармаса бас жарады"- деген бар.Қазақстан еш уақытта Ресейге қосылу туралы мәселе қойған емес,ал Ресеймен еркін экономикалық аймақ ол тіптен басқа мәселе.Егер өзің анық түсінбесең ел арасына іріткі салатын сұрақты қалай болса солай қоя беруге болмайды. Ал 50% жөніне келсек,бейбіт өмір сүруді тілейтін халық саны одан едеуір көп деп ойлаймын.
0 дауыс
ол рас, көбінесе ол басқа ұлт өкілдері солай ойлап жүрген. Олардың басында орыстар тұр ғой, өтірік бетіңе күлгенімен ары жағыңнан жақтырмай тұрады, Қазір жұмыстада сол ұлтшылдық үлес алған, орыс бастықтар орыстарды қолдайды, оларды көтереді, ал қазақтарға мойында бұрып қарамайды!!!
0 дауыс
Басқаны қайдам бирақ Маңғыстау халқы қосыла қоймас,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
...