Қазақстанда Ресейге қосылуды армандайтын халық саны 50%-дан асып жатыр дегенге сену қиын.
Мен бұл тұрғыда осындай зерттелерді кездестіргенім жоқ. Төмендегі өткен отырыс туралы оқыдым.
Қазақстанда эмиграциялық ахуал қарқын ала бастағаны байқалады, әсіресе орта класс өкілдері арасында. Бұл туралы таяуда Алматыда, Саяси шешімдер институты клубында «Қазақстандағы эмиграция» тақырыбымен өткен отырыста экспертті-қолданбалы бөлім маманы Андрей Скуратов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазан айында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, потенциалды эмигранттың портетін жасап шығаруға болады.
«Сіз Қазақстаннан көшу туралы ойланып көрдіңіз бе?» деген сұраққа респонденттердің 28,5 % - «Ия» деген жауап берген, бұл – 646 адам. «Бір қарағанда, алаңдатарлықтай сан емес. Ал егер республика масштабында проекция жасар болсақ (аймақтар бойынша саналса), қалада тұратын 2,5 миллион адам көшу туралы ойланып жүр деген сөз» - дейді эксперт.
«Тұрақты мекен жайды (ТМЖ) шетелге ауыстырғысы келетінін» сұралғандардың 48% растаған не бұл туралы ойланып жүргенін мойындаған. «Республика бойынша бұл 1,1 миллион адам» дейді Скуратов. Көшпеймін деп кесіп айтқандар саны, Саяси шешімдер институты мамандарының есебі бойынша, 28,7 %.
Эмиграция себептеріне тоқталар болсақ, респонденттер елдегі тіл саясатын көшуге итермелейтін басты себепке жатқызбайды. Мемлекеттің тіл саясатын «бетке ұстап», көшуді ойлап жүргендер саны – 13%. Себептер тізімін – материалдық-экономикалық жағдай бастап тұр.
Респонденттердің 19% - өздерінің тұрмыстық жағдайына байланысты мекен-жай ауыстырғысы келеді. Одан кейінгі кезекте лайықты жұмыс тауып, карьера жасау мүмкіндігі шектеулі деп санайтын азаматтар тұр. Олар - 15%.
Саяси шешімдер институты мамандары осы сұрақ бойынша жауап бергендердің этникалық ерекшеліктеріне тоқтала келе, қазақтардың 34,3% карьералық өсу мүмкіндігі аздығын алға тартқан дейді. Ал орыстардың 65,6% - тіл саясатын мысалға келтірген.
Сауалнама материалдарына сүйенер болсақ, көшуге бел байлағандардың басым бөлігі Қазақстанның Солтүстігінде (27,4%) және Батысында (21,7%) өмір сүреді.
Солтүстікте көбі орыстар десек, көшулері түсінікті. Ал, батыстағылар биліктің жүргізіп отырған саясатына қарсылар. Бұл жақта экология нашар, жұмыссыздық, бар болса да, есектің жұмысын жасатып, қарғаның ставкасын (ірімшік) береді, жаппай коррупция, енді терроризм тағысын тағылар.