+2 дауыс
Осы бізде мырза,ханым деген сөздер жүреді ме?

Киноларда,сериалдарда көріп жатамыз Ербол мырза,Гүлім ханым деп жатады бізде айтылады ма ол сөз?

Кімдерге айтады олай?
20.11.2014 1.5k қаралым

7 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
"Нысана" театрының концерттері "Ханымдар мен мырзалар!" деп басталады )) Былайынша "Бәке, Сәке, ағай, апай" деген сөздер қолданылады.
20.11.2014
Ааааа солай ма?!
+3 дауыс
ол тек салтанатты кештерде айтылады. ортаға шақырған кезде. ал былайша ондай сөздер қолданылмайды
20.11.2014
+3 дауыс
Ондай сөздер дебаттарда, телевизиялық ток-шоуларда да айтылады. Ал былай күнделікті қолданыстан тыс қалған сөз.
20.11.2014
+2 дауыс
Тек мекемелерде қолданылады. Мысалы Бәленбай директор мырза, Түгленбай ханым дегендер қолданылады.
20.11.2014
Қазір қолданылмайды.
Неге қолданылмайды екен? Біз жақта қолданылады
0 дауыс
Қазыргі кезде Әскерде және әскери білім беретін жерлерде қолданылады,Мысалы Майор мырза, аға лейтенант ханым деген сияқты
20.12.2014
0 дауыс
Негізі бұрын ақсүйектер, шенеуніктер т.б жұмысшылардан басқалары бір-бірімен солай сөйлескен сияқты. Қазір ол сөздер адамдардың бір-бірімен сыпайы сөйлесуін білдіреді.
20.12.2014
0 дауыс
Құрметті еден жуушы ханымдар мен, сантехник мырзалар десе болмай қалады.
26.12.2015
127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы