Өмір, Тіршілік | 2.3k қаралды
1 көзді бала туралы акпарат керек? интернет бетіне акпарат шыкты монгол тілінде 1 көзді бала дуниеге келген...Моңғол тілін аударып беріңіздерші. Хадисте "Даджаль выйдет из вашей среды, и его появление не будет сокрыто от вас…" ( Муслим, Фитен 100-103) делінген. Мүмкін соның дәл өзі ма, Субхана Аллах.

фото шыгаргым кеп турган жок купия калдырайын казакша акпарат керек

2 жауап

Суретi жоқ, сiлтемесi жоқ сөзiңе кiм сенедi?
Дәжжал деген кім?
Дәжжал – адам баласы. «Дәжжал» сөзінің мағынасы: аса өтірікші, суайт деген түсінік береді. Бірақ, Алла тағала оған өзге адамдарға берілмеген мүмкіндіктер берген. Бұл мүмкіндіктерді Алла тағала адамдардың иманын сынап тексеру үшін Дәжжалға дарытқан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылмандарды оның соңына ілесуден сақтандырып, оның болмыс-бітімі мен мінез-құлық сипаттары жөнінде хабар берген. Дәжжал адамдарға өзінің әлемдердің раббысы екенін айтып сендіреді. Иманы әлсіз адамдар соған иланып қалады.
Дәжжалдың сипаттары.
Сол жақ көзі ақ түскен соқыр болады. Жер бетінде ешбір мекен қалдармай кезеді. Бір жақ бетінде қас-кірпік болмайды. Алланың елшісі (с.ғ.с.):«сендер оның жалғыз көзді екенін білуге тиіссіңдер»деген. Бойы қысқа, бұты талтақ, бақайлары бір-бірінен алшақ, жүрісінде айып бар. Бұйрабас, яғни, шаштары бұйра қалың болады. Көзі солған жүзім сияқты, аққұба өңді, кең маңдайлы, екі көзінің арасында «КФР» деген әріптер жазылған. Жазу білетін де, білмейтін де оны анық оқи алады. Белсіз, яғни баласы болмайды.
Дәжжалдың шығатын жері.
Әбу Бәкірден (р.ғ.) жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.):«Шындығында, Дәжжал шығыстағы Хорасан деген жерден шығады»деген. Дәжжалдың ең әуелі қамтитын аумағы Шам мен Ирак арасы болады. (Анығы Аллаға аян!). Науас ибн Сәмъаннан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Дәжжал Шам мен Ирактың арасындағы тастақты жерден шығады»деген. Адамдар Алла елшісінен (с.ғ.с.) Дәжжалдың жер бетіндегі жылдамдығы жөнінде сұрағанында:«Жел айдаған нөсер жаңбыр сияқты»деп жауап берген. Яғни, Дәжжал жер бетін асқан жылдамдықпен, әп-сәтте жаулап алады. Әнәстан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с.):«Мекке мен Мәдинадан басқа, Дәжжал аяқ баспаған бірде-бір қала қалмайды»деген. Яғни, Дәжжалға Мекке мен Мәдина қалаларына кіруге рұқсат етілмейді.
Дәжжалдың фитнасы.
Ол өлгендерге де әсер ете алады. ән-Наууас ибн Сәмъаннан (р.ғ.) жеткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с.):«Ол бір қауымға келіп, олардыөзіне құдай деп сенуге шақырады. Олар оған иман келтіріп, шақыруын қабылдайды. Сөйтіп, ол аспанға бұйырып, жаңбыр жаудырады. Жерге бұйырып, көк шөп шығарады. Жайылымдағы малдары кешке өркештері бұрынғыдан ұзын, желіндері толып,(тойғанынан)бүйірлері тыңқиып қайтады»деген. Мына бір хадисте:«Дәжжал толықсыған жас жігітті шақырып, оны қылышпен шауып, екі бөлікке бөледі. Әр бөлігін бір шақырым алысқа лақтырып тастайды. Сосын олөлікті өзіне шақырғанда,өліктіңжүзі жайнап, күліп келеді. Оны Дәжжал емес, Алла тірілткен еді. Дәжжал оған: «Раббың кім?» дейді. Сонда әлгі жігіт: «Раббым Алла, сен Алланың дұшпанысың. Сен Дәжжалсың!» дейді. Дәжжалға ілесетіндер:Оның құдіретінен қорыққан немесе бұрыннан исламға өшпенділігі барлар оған ілеседі.
Оған ең көп ілесушілер:
1.Яһудилер.Әнәстан (р.ғ.) жеткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с.):«Дәжжалға жетпіс мың яһуди ереді»деген.Яһудилердің сенімі бойынша, Алла тағала оларға Дәуіттің нәсіліне жататын бір патша жіберуді уәде еткен. Сондықтан, олар сол патшаны күтумен келеді. Патша оларға яһуди мемлекетін құрып береді. Олар оны өз кітаптарында «әл-Мисиях» деп атайды.Олардың діни рәсімдерінде арнайы дұғалар бар. Сол бойынша яһудилер Дәжжал тезірек шықса екен деп тілейді. Олар арнайы бір күнді «яһуди пасхасы» деп тойлап, ол күні ерекше дұғалар айтады.
2. Кәпірлер мен мұнафиқтар.Әнәс ибн Мәликтен (р.ғ.) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (с.ғ.с.):«Мекке мен Мәдинадан басқа, Дәжжал аяқ баспаған бірде-бір қала қалмайды. Екі қаланың кіреберіс қапталында періштелер сап түзеп, қорғап тұрады. Сөйтіп(Дәжжал Мәдинаның сыртындағы)сортаңға тоқтайды. Сонда Мәдина үш рет сілкінеді де, одан әрбір кәпір мен мұнафық(Дәжжалға еру үшін)қаладан шығады», деген.
3. Надан бәдәуилер.Әбу Умәмә әл-Бәһилиден (р.ғ.) жеткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген:«Ол бір бәдәуиге: «Егер әке-шешеңді тірілтсем, менің Раббың екеніме сенесің бе?» дейді.Бәдәуи «Иә» деп жауап береді. Сонда, оның әке-шешесінің бейнесіне кірген екі шайтан оған келіп: «Балам оған ілес! Расында, ол сенің Раббың!» деп айтады» деген.
4. Әйелдер. Тағы бір риуаятта Пайғамбар (с.ғ.с.):«Дәжжалға ілесетіндердің көбі әйелдер болады»деген. Дәжжалды Мәриямұлы Иса (ғ.с.) өлтіреді.Мәжмаъ ибн Жәриядан (р.ғ.) жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.):«Дәжжалды Бәбу Лудд деген жерде Мәрямұлы өлтіреді»деген...
takenzi, не жазғаныңды өзің түсіндің бе? ))
Не дейм Мұрат жағдайың жақсыма, аман есен, бала шаға, үйдегiлер тынышпа деп отырғаным ғой. Жеңгем жақсы ма, өзiң жоқта жеңгеме барайын десем, үйден мышық сияқты шықпай жатырсың ғой деп жатқаным ғой ))
Даджалды ешқашан құдай тұтпаңдар деп айтқым келеді.Біздің Раббымыз Аллах тағаламыз ғана.Соны есте сақтаңыздар.Кәзірден бастап тозақ отын ойлап қабір азабын ойлаңыздар.Жасап жатқан ісім дұрыс па бұрыс па деп.Ертең Алланың алдында не айтам деп ойланыңыздар.Даджал,бір көзді бала екеуі бір.Даджалдың бір көзі жоқ немесе жұмылған.Кәзірден бастап намазға келіңіздерші Ешқашан ұмытпаңыздар бұл өмір,өмір бір ақ рет берілет ал сол бір ғана мүмкіндікте жақсы іс жасап,сауап жинауға тырысайық мұсылман аға,тәтелер

Байзеке Тоғжан 2021.01.13.

Ұқсас сұрақтар

122,729 сұрақ
312,325 жауап
153,290 пікір
69,964 қолданушы