0 дауыс
1.9k көрілді
Осы мекеме туралы ақпарат бере кетсеңіздер!

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛА ХИРУРГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ – ҚР Денсаулық сақтау министірлігіне қарасты ғылыми-зерттеу мекемесі. 1932 ж. Алматы қ-нда құрылған. 1972 жылға дейін Аналар мен сәбилер денсаулығын қорғау ғыл.-зерт. ин-ты болып, 1980 жылдан Алматы мед. ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) балалар хирургиясы кафедрасымен біріктіріліп, қазіргі атымен аталады. Орт-тың құрамында 200 орынға есептелген: мерзімінен бұрын және жаңа туған нәрестелер, хирургия, урология, реанимация және интенсивті терапия, онкогематология, кардиоревматология, гастроэнтерология, пульманологиялық, консультативті-диагностик. бөлімдер жұмыс істейді. Сондай-ақ бірнеше бөлімшелер: микробиол., патоморфол., генетик., ағынды цитофлюориметр, полимерлі-тізбекті реакция, биохим. анализаторлар, компьютерлік томография, ультрадыбыстық сканир, т.б. бар. Ғыл.-тех. жетістіктері үшін орт. 110 патент алған. 25 монография шығарып, 70-тен астам әдістемелік ұсыныстар жасады. Орт. Халықтар достығы орденімен марапатталған (1983).

...