+1 дауыс
4.7k көрілді
20 адамга арналган дамді жане дайындау тәсілі оңай пирогті калай дайындау керек курамы кандай ?

2 жауап

0 дауыс
Шарлотка пирогын ұсынамын, дәмді әрі тез дайындалады.

Құрамы:

5 жұмыртқа;

2 алма (кез келген);

ас содасы сірке қышқылы (ас содасын сөндіруге)

ұн;

2 стақан қант

Жасалуы:

Ең алдымен алманы қабығынан аршып , жартылай дөңгелек қылып турау қажет.Формага пергамент төсеп, күнбағыс майын жағамыз, сосын туралған алмамызды саламыз.Енді қамырды дайындаймыз.Ол үшін жұмыртқанын ағын бөлек ыдысқа, сарысын бөлек ыдысқа шағып аламыз.Жұмыртқанын ағын миксер арқылы  былғаймыз(миксер болмаса, шанышқымен де болады тек қатты және көп былғауға тура келеді) кейін біртіндеп қантты қосып отырып масса қоюланғанша былғаймыз.Қосылысымыз ыдыстан ағып кетпейтіндей қоймалжың болуы керек.Келесі, бір қасық ас содасын сірке қышқылымен сөндіріп, массаға қосамыз .Енді дайын массаға жұмыртқанын сарысын қосамыз да, тағы да біркелкі етіп былғаймыз.Соңғы кезекте , ұнды қосып бәрін араластырамыз, ұнды шамасына қарай қосу керек, яғни қамыр сұйық та емес, қою да емес болатындай. дайын массаны бағанағы алманын үстіне құйамыз да духовкага 20 - 25 минутқа жібереміз. Пирогтын дайын дайын еместігін сіреңке арқылы тексеруге болады.Егер пирог дайын болса, қамыр сіреңкеге жабыспау керек.Іске сәт!
0 дауыс

Алмұрт және жаңғақ қосылған пирог жасауға болады

http://www.gourmania.kz/2014/11/almurtty-balish.html

...