0 дауыс
1.9k көрілді
Туған өлкесін зерттеуге Ш.Уәлиханов қандай үлес қосты? Жауабы керек еді

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Шоқанның туған өлкесін зерттеп білуге деген құмарлығы кадет корпусының қабырғасында пайда болған. Жазғы демалыс кездерінде ол далаға, Көкшетау өлкесінің көрікті жерлерінің бірі — өзінің туған ауылы Сырымбетке барып тұрған. Бұл сапарларынан ол зор қанағат тапқан, қазақ халқының өміріне жітірек зор салып, халық өлендерін, аңыздарын, ертегілерін жазып алған, елдің тұрмыс жағдайы мен табиғатын суретке салған. Табиғатты қаз қалпында суретке түсіруді Шоқан халық өмірін көз алдыңа айна қатесіз елестетудің бірден-бір оңтайлы кұралы деп есептеген. «Демалыс күндерінде ауылда салынған суреттерді» (І847—1852) ол негізінен Құсмұрын мен Сырымбетте жасаған.

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.
0 дауыс
Күшті үлес қосты
...