0 дауыс
7.2k көрілді
19 ғасырдағы Қазақстанның мәдени өміріндегі жаңалықтар деп неі айтуға болады?

Неге осы кездегі ақындарда жыраулық дәстүр басымырақ ?

осы сұрақтарға эссе түрінде жауап беріңіздерші ,өтініш. Ертеңгі сабаққа керек еді. Тезірек көмек бере аласыздарма?

1 жауап

+1 дауыс

ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы мәдени өмірінде оның ішінде қазақ баспасөзінің дамуы

XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстан баспасөзінің дамуы

    Ресейде болған әлеуметтік өзгерістердің қазақтар тарапынан қабыл алынып, өздерінен күшті солтүстік көршілеріне деген бағыныштылығының арта түскендігі байқалады. Ресейдегі бұл әлеуметтік өзгерістің жемісті болғандығы сондай, олар енді қазақтардың тұрмысы мен салт-саналары туралы, оларды зерттеп білу қажеттілігі жайлы жиі айта бастады. Мұның негізінде әкелік «қамқорлық» (бірінші жағынан) және «ризашылық» (екінші жағынан) қатынастары жатқан болатын. Мәселен, Спиранскийдің 1822 «Сібір қазақтары» туралы жарғысындағы қоғам өміріндегі өзгерістерге көп жол беріледі. Жарғы қазақтарға тән ғасырлар бойы қалыптасқан басқару жүйесін жоққа шығарып, оның орнына әлеуметтік бөлудің «Еуропалық тәсілдерін» танытты. Осының нәтижесінде патша әкімшілгі орта жүздегі хандық билікті жойып, оның орнына округтер мен приказдар құрды. Осы жарғыны негізінде кіші жүз Орынбор шекаралық комиссиясына бағынатын болды. Мұның барлығы ақыр аяғында қазақтардың оған қарсылық көрсетіп, көтеріліске шығуына жол ашты 50,б.198. Халық көтерілістері, қазақтардың өздерін сыртқы жаулардан қорғау әрекеті (әсіресе, Хиуа, Бұқара, Қоқан, Қытай елдерінің оның ішінде Ресейге де қарсылық көрсетулері) отарлық басқару тұсында ерекше орын алды. Ал, орыстар қазақтарды өз діндеріне бағындыру мақсатында басқарудың еуропалық үлгісін оларға күштеп таңды. Осының барлығы ұлттық сананың дамуына ұзақ жылдар бойы қасақана құрылған тор болып келді. Ал, жергілікті байлардың қанау тәсілдерімен патша әкімшілігінің ауыр алым-салықтары, қазақтардың күш көрсетуі-қазақ халқын қайыршылыққа әкеп тіреді. Мәселен, ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында Ұя, Орал, Ешім, Ор және Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле тағы басқа өзендерді бойлай орналасқан ұшан теңіз алқапты қазақтар иемденді. ІХ ғасырдың соңында олардың саны жүз мың адамнан асып кетті. Патша үкіметі оларға қазақтардың кесерлерінен жер беріп, көптеген жеңілдіктер жасап, ал қазақтарды Сахарада пайдаланатын ұрда қолшоқпарына айналдырды. Қазақ жерін отарға айналдыру саясатының тиімді түрі миграция тәсілі болды. Егер Қазақстанға Ресейдің орталығы мен оңтүстігінен 1986 жылға дейін 294 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінсе, 1906-1910 жылдары олардың саны 770 мыңға артты. Ел билеуші жергілікті бай - манаптардың халық санасына үнемі «Ресей мемлекеті бізге бар жақсылық жасауда» деген, қоғамдық пікір тудыруға тырысып баққаны байқалады. Олар басқаларға қазақ халқы орыстарға бағынғанға дейін негізінен көшпенді өмір сүрді. Сөйтіп Еуропалық елдерден «артта қалған» жартылай жабайы халық болды деген жел сөз таратып, қазақтарды отырықшылыққа үйретудің қажеттігі туралы екі ұшты жоспарлар құра бастады 1,б.3. Өткен ғасырдағы патшалы Ресейдің осындай саясаты кешегі кеңес үкіметіне де мұра болып қалғандай. Себебі, соңғы кезеңге дейінгі қазақтар туралы сөз қозғалса, «Олар тек дала көшпенділері болған, оларда шаруашылықтың егіншілік түрі мүлдем болмаған еді» деп еске алып келді. Алайда, қазіргі қолда бар көптеген архив және сол кезеңде шығып тұрған демократиялық бағыттағы басылымдардың материалдарына сүйене отырып, біздер қазақ жерінде Ресей Қазақстанды жаулап алған кезеңге дейін де мақта, астық шаруашылығы, көкеніс, бау-бақша, жеміс-жидек, алма бақтары болғандығын, сол тарихи кезеңде Қазақстанда суландыру құрылыстарының кең жүйесі жасалғандығын, қазақтардың ерте заманда да суландырылған алқаптарда жұмыс істегендігін, оларға малға жем, шөп дайындау ісінің де ертеден таныс болғандығын, қазақтардың ХІХ ғасырдың басынан-ақ отырықшы және көшпелі өмір сүріп, ол кезде де қазіргі малшылардың да өміріне ұқсас шаруашылық түрлерінің болғандығын мақтанышпен айта аламыз. «XIX ғасырда Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын (әсіресе ет, май) ірі отар елге айналды. Қазақтардың өміріне бойлап енген сауда, тауар айырбасы және жәрмеңке оларды Еуропа мәдениетіне жақындастырып, ерекше роль атқарды». Алайда, сауданың келуіне байланысты қазақ даласында жергілікті халықтың орыс заңдары мен нарықтық құнын жете білмегендіктерінен алдау, тонау, күш көрсету дегендер көбейіп кетті. Сол кезеңдегі «Отечественные записки» сияқты кейбір жанашыр басылым қағаздардың жер бетінен толық жойылып кету қауіпі төнді, -деп дабыл қағуы да тегін емес. Екіншіден, мұның барлығының себебі өзінің шет аймақтарында; әсіресе, аз ұлттардың арасында патшалық Ресейдің саясатына байланысты еді. Өйткені, Ресей Қазақстанды жаулап алғаннан соң, оның жерін шикізат қоймасы мен арзан жұмыс күшіне айналдыруды көздеді. Өлкенің өнеркәсібін игеру көп экономикалық шығынды қажет етті. Сондықтан, Ресей пайдалы қазбалары мен мал шаруашылығының өнімдерін қанағат тұтты. Ресейге Қазақстанда астық шаруашылығын дамыту ол кезде пайдасыз болды. Оған көп шығын жұмсау керек еді. Сөйтіп, қазақ даласында ауыл шаруашылығы нашар дамыды. Тіпті ұсақ тауар өндірісі саласында да Қазақстан өз саудасын Ресей мен байланыстырғандықтан Шығыстың бай саудасынан айырылып, күнделікті өмірге қажетті заттарды шығаруға да мүмкіндігі болмай қалды. Осының нәтижесінде Қазақстанда XIX ғасырдың соңында да мал шаруашылығы «мамандандырылған» шаруашылықтың басты түрі ретінде қала берді 9,б.172. Белгілі Еуропалық түсінік бойынша, XIX ғасырда қазақтардың мәдениет дәрежесі орыстармен салыстырғанда әлдеқайда төмен болған. Алайда, мұндай теңестіру қазақтардың мәдениетіне орыс мәдениетінің тұрмысынан қараудың негізінде пайда болғаны шындық. Бірақ әділін айту керек, кезінде демократтарды былай қойғанда, кейбір миссионерлердің өздері де қазақ халқының ұлттық өзіндік мәдениетін жоғары бағалап, қазақтар бейбіт, бауырмал, адамдар ретінде сипатталған. Әйтседе, өкінішке орай, қазақ елін басқару (патшалы Ресейдің тарапынан) өте шиеленіскен, қиын жағдайда жүргізілді. Мәселен, 1868 жылы далалық облыстарды басқару жағдайының жобасын талқылаған Министрлер кабинеті қазақтарға қатысты, барлық заңдардың бұрмаланып отырғанын атап көрсеткен. Ал, осы кезде қазақ жеріне Ресейден орыстардың шектен тыс қоныс аударуы демократиялық бағыттағы зиялыларды қатты ойлантқан. Бұл орайда А.Ядренцевтің «Сібір бұратаналары және олардың құрып бітуі» деген мақаласындағы жер мәселесі барлық жүгенсіздіктер мен кедейшіліктің басталуы болды деген жолдар патшаның оспадар саясатының нәтижесінде бір ұлттың құрып кету қауіпінің тұрғанын меңзеді. Өзінің әріптесінің бұл ойын қостай отырып, Л.К.Чермак «Қырғыздар қырылып бара ма!» деген мақала жазды. Сөйтіп, патша отарлау саясатын өрістетіп, бар шұрайлы жерлерді орыс қоныс аударушыларына беру арқылы өзі шығарған заңды өзі бұрмалап, қазақтардың жерін орыстардың меншігіне айналдырған. Бұл жөнінде қазақ даласын басқару туралы заң жобасына пікір ұсынған комиссия былай деген: «Қырғыз даласына, шекаралардан қазақтарды сондай-ақ ішкі және Сібір губернияларынан орыс шаруаларын кіргізу оларды қазақтар тегіне алу, орыстардың көп мөлшерде қазақ даласына тереңдей енуіне мүмкіндік берді. Приказдардың тұрақты орналасқан жері қоныс аударушы орыстардың тегін көбейте түсті. Орыс қоныс аударушылары Жайық пен Ертіс өзендерінен есептегенде 1000 шақырымға жуық оңтүстік аймақты басып алып, бұрындары Ресейдің шекаралық аудандары болып келген қазақ даласы патшалықтың ішкі бөлігіне айналып шыға келді. Бұл хабарды кезінде деректі құжаттар негізінде патша генралдары Ф.Бис пен Л.Валюзик жазған. Сол кезде «Современник», сатиралық «Искра», «Военный собранник» тағы басқа көптеген газет-журналдар мен альманахтардың беттерінде қазақтарға хат танытудың қажеттілігі, қазақ жұмысшыларының тұз өндіру орындарындағы қиын жағдайлары, көшпелі ауылдардағы тап қайшылықтары қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін кенжелеп қалу қауіпі турасында және қазақ даласындағы отарлау саясатын жүргізіп отырған патша үкіметінің топас іс жүргізушілері хақында еңбектер жазған Е. Карповик, А.Еврейна, К.Губарев, А.А.Курочкин, А.Гейнстер есімдерін ерекше атауға болады. Отарлау саясатының жүгенсіздігі үкіметтің барлық шет аймақтары сияқты Қазақстанда да тек өз жеке бастарының қамы үшін, қажеттілікті халықтың хал жағдайымен есептескендігінен-ақ көріп отырды. Олар өз мақсаттарына жету үшін «Мамандарылған» шаруашылық саясатында жүргізді. Мұның өзі Қазақстандағы индустрияландырудың өнеркәсіпті дамытудың, ауыл шаруашылығы жүйесінің қолданбалы түрлерін дамытудың орнына, өлкені пайдалы қазбалар мен мал шаруашылығы өнімінің қоймаларына айналдыруға әкеп соқтырды. Осының барлығы жергілікті халықтың өміріне, әдеп-ғұрпына үлкен әсер етті. Оларға күштеу арқылы Еуропалық дүниетанымның белгілерін енгізе бастады. Отаршылдар қазақ мәдениеті Еуропалықтар мен орыстардың мәдениетімен салыстырғанда «Екінші сортта» деп келісті 22,б.184. Міне, осындай себептермен қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы жоққа шығарылды. Халық көшпелі рулар мен тайпалардың жиынтығы болғандықтан олардың мәдениеті мен әдебиеті ауызға алғысыз», -деп көрсетілді. Осыдан барып, орыстар өздерін басқаларға «Аға халықпыз» деп мойындатуға тырысты. Қазақ халқының осылайша бұрмаланып келген ғасырлар бойғы тарихының сыр - сипатын тек бүгінгі дербес ел болған таңда ғана ашық айтуға мүмкіндік туды. XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой - пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің қоғамдық сананың көрсеткіші - баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе. Бұл кезеңде Абайдың жалғасы Шәкәрім шығармашылығы өзінің шырқау биігіне көтерілсе, Міржақып, Ғушар, Сұлтанмахмұт, Мағжан тәрізді алыптар әдебиет айдынына шығып, көркемдік сипатты соны дүниелері арқылы әдебиетіміздің жазба түрін жаңа белестерге көтерді. Сонымен қатар XX ғасырдың бас кезі қазақ өміріндегі азаттық жолындағы күрестің, яғни, саяси әлеуметтік қозғалыстың дамып, құлаш жая бастаған тұсы болып табылады. Мұның себебі, Ресей самодержавиесындағы жалпы қоғамдық ой - сананың дамуында бостандық идеясы билеп алған 1905 жылғы революцияның түпкір-түпкірге жеткен сарынынан еді. [1]

...