0 дауыс
2.8k көрілді
Қазіргі таңда еркек еркек болып қалу үшін не істеу керек?

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бауыржан Ю-дың екі жауапқа берген пікіріне жауап: еркек еркек болып қалады. Себебі ол еркек. Еркек қалай еркек болып қалады деген сұрақ қойғаныңның өзі біртүрлі. Сонымен еркек еркек болып қалады өйткені ол еркек.

Жоқ екі түрлі менің сұрағым ))))
+1 дауыс

Қазіргі жігіттер қыз сияқты. Себебі өте көп. Интернеттен көрегінін істейді. Сосын нәзік қыз сияқты. Ондайдан қайдағы еркек. Нағыз еркек деген намысшыл, батыл аюдай ақырып тұру керек. Ұлы сөздің еш әбестігі жоқ: қазіргі көп еркектер белсіз болып бара жатыр. Соны да ойлау керек шығар. Өзі қазіргі адамдар не боп кетті?

Негізгі сұраққа жауап бар ма
0 дауыс
Менде айта кетейін, осыны ойлау жүйесін құртатын көптеген негіздер бар деп ойлаймын, бастысы ұл бала әкесінің емес анасының жанында көп жүрып қызға ұқсастығы бола бастайды, және сол себептен казір ГоМо дейді ғой сондай видео көрудің салдарынан, бұл айтқаным әбестік көрінер, т.с.с. казыр көп жастар оқушы,студенттер корей сериалын көріп өзіне ұнаған актерды тандап соған ұқсагысы келіп шашын бояпта құлаққа сақина салыпта жатыр, т.с.с. содан жастар армияға барғысы келмей нәзік болыпта жүреді, спортқа қатыспауынан т.с.с. айта берсең көп қой,
Негізгі сұраққа жауап берген жоқсыз
+1 дауыс
Еркек адам көшенiң адамы, дүние табу керек. Еркек еркектiгiн сақтау үшiн намысын сақтап қалу керек. Әйелдiң алдында намысы кеткен адам еркек емес...
0 дауыс
Мен Фридомның айтқаныны толығымен қосыламын
+1 дауыс
Еркек - еркек болып қалу үшін, тезірек жан-дүниесі мен материалдық жағдайын жақсартып, отбасы құрып, артынан ұрпақ қалдыруы керек.
0 дауыс
Еркек еркек болып қалу үшін бе? Ол ештеңе істемесе де еркек қой. Неге біздің қоғам  еркектердің мойнына ауыр жүк арта береді?! Еркек болсын, әйел болсын, ең бастысы адам болғасын қиындықтар болады. Еркектің де қайғыруға, жылауға хақысы бар.
0 дауыс
Қазіргі кезде еркекті еркек қылып көрсеттені денесі.
+1 дауыс
Нағыз ер жігітпен бозбаланың арасы жер мен көктей. Кейбір жігіттер 13 жасынан бастап-ақ өзін нағыз ер жігіт сынды ұстаса, кейбір еркектер есейсе де бала мінезді болып қалады. Бұндай айырмашылықтарды рухани, физикалық, эмоционалды және ақыл деңгейінде деп бөлсек болады.

Ер жігіт өз қателігін мойындай алады. Ал жас бала соңына дейін өз сөзінен айырылмай, қателігін ақтаумен болады.

Ер жігіт адамдарды ешнәрсеге қарамастан сыйлауға тырысады. Ал жас бала біреуден бір нәрсені күткенде ғана сыйластық білдіреді.

Ер жігіт өсек-аянға сеніп, біреудің көңілін қалдырмайды. Ал жас бала өсекті негізге ала отырып, біреуге деген көзқарасын өзгертеді.

Ер жігіт отбасын үй-жаймен қамтамасыз етуге тырысады. Ал жас бала неге қамтамасыз ете алмайтынын түсіндіріп, ақталады.

Ер жігіт болашақты ойлайтын болса, жас бала бүгінгі күнмен өмір сүреді.

Ер жігіт отбасының, әйелінің төркінінің сыйластығына лайық болуға тырысса, жас бала достары мен әріптестерінің арасында сыйлы болуға ұмтылады.

Ер жігіт өзінің ұстанымдарына берік болады. Ал жас бала бір ойдан екіншіге ауып, мың құбылады.

Ер жігіт өз сөзінде тұрады. Ал жас бала белгілі бір уәделерді орындай алмайтынын біле тұра ант-су ішеді.

Ер жігіт үнемі даму керектігін біле тұра, жаңа білімге асық болады. Ал жас бала «мен бәрін білемін» деп жүреді.

Ер жігіт сұлулық – басты және жалғыз қасиет деп бағаламайды. Ал жас бала қызының сұлулығымен мақтануға әуес болады.

Міне, ер адамның бойынан осындай қасиеттерді іздеу керек.

"Массагет" сайтынан алынды.
+1 дауыс
Қыздардың ибалылығы жоқ еркек сиақтысы, шайтан сиақтысы көбейгесін еркек қайдан ер болсын. Еркектердің азған жағына қарағанда қыздардың азуы басымырақ.  Ол шындық. Бірақ алдағы уақытта түзелетін шығар, түңіле бермейік.
...