+3 дауыс
18.6k көрілді
Жүйелі түрде жауап берсеңіздер!

Осындай пайдасы бар бірақ осындай зияны бар деп.

Жаңа интернеттен қарап көрдім,

Сүйекті қатайтады,бұлшық етті қатайтады т.б пайдалары бар дейді сол рас па?

Өзім оқып отырып таң қалдым,олар өтірік жаза береді ме сонда?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сыраның зияны мен пайдасы:

Жоғарыдағылармен келісесін бе? Сенің жауабынның жоғарысындағылардың жауаптарына?
Келісемін... егерде  мөлшерден асырмай ішкен жағыдайда ғана ....
Сыраға шомылып, шашымызды жуатын болсақ иісі ұзаққа дейін кетпей қалмайды ма?
+2 дауыс
Мамандар сыраның жеті пайдасы бар дейді
 

АҚШ «Форбес» журналының 16 наурыз күнгі  хабарына қарағанда, мамандар денсаулық қорғау жөнінде 10 жыл құнды зерттеу арқылы, қалыпты, орта градусты сыраны әр күні 1 - 2 стакан, яғни 12 унция (350 мл) ішсе ер-әйелге түгел пайдалы болатынын, өте-мөте қартая бастаған шақта, немесе жиі кездесетін науқастардың  бейнетін тартқанда пайдалы боларын байқаған. Ал әр кімнің көкейінен кетпейтін төмендегі жеті пайдалы нәтиже   сырадан келеді.

 

Жүректің ақаусыздығын қорғайды: Жан-жақтылы зерттеулерге қарағанда, қалыпты шамада шарап ішкендердің (сырада соның ішінде) жүрек науқасына шалдығу қатері төмендейді екен. Жүрек ауыруы АҚШ -та ең басты жан алғыш есептеледі. 2006 жылғы зерттеуде, Израйлдегі Бейс “Әйел күзетші” емдеу орталығы мен Харвард әлеуметтік денсаулық сақтау институтындағы зерттеушілердің байқауынша, тұрмыс тәсілі ақаусыз  ерлерде, қалыпты арақ ішетіндердің жүрек аурыуының қозғалу қатері арақ ішпейтіндермен салыстырғанда 40% ~60%  төмен болады екен.

 

Қантамырларды қорғайды: Жоғары қан қысым науқасы мөлшермен 650 мың АҚШ -тыққа ықпал жасайды екен. Алайда, 2007 жылы АҚШ Харвард уиниверситетінің Әлеуметтік денсаулық сақтау иниститутындағы зерттеушілердің байқауынша, қалыпты мөлшерде сыра ішетін жоғары қан қысымды науқас ерлердің ішінде ажалға  душарластыратын немесе душарластырмайтын жүрек ауруының қозғалу қатері төмендеген. Сыраны лайықты ішу тромбоз пайда болуынан сақтап, қан жетіспеу сипатты ми  қантамыр тосылу ауыруының алдын алуға септігін тигізеді екен.

 

Қанытты несеп (диабет) ауруының қатерін төмендетеді: Зерттеулерге қарағанда қанытты несеп  науқастары орташа градусты арақ ішсе ең зор жан алғыш — жүректің айдар тәрізді қантамыры ауруының қозғалу қатерін төмендетеді екен. Зерттеулер мынаны да көрсетіп отыр: Арақты аз ішіп әдеттену, даму үстіндегі елдерден келген ІІ типті қанытты несеп науқастарды қорғауға көмегін тигізеді. Бұл әсілі, арақ ішудің инсулин сезімталдығын арттыруынан,  немесе қабынуды қайтару ролынан болса керек.

Танымдық қаблетті арттырады: 2006 жылы шыққан «АҚШ жүрек ауруы қоғамы журналына»  басылған хабарға қарағанда, лайықты арақ ішу әйелдердің танымдық  қабілетін анағұрлым жақсартады делінген. Бұл ғана емес, 2003 жылы шыққан «АҚШ шипагерлік ілімі қоғамының журналындағы» зерттеуде 65 жастан асқан қарттар аптасына 1-6 стакан алкоголды сусындық ішсе, арақ ішпейтіндермен немесе алкоголизм дертіне ұшырағандармен салыстырғанда, алтицгаймер ауыруына шалдығу қатері төмен болады делінген.

 

Сүйекті қатайтады: Зерттеулерде сыра ішу сүйек құрамының солғындауынан сақтайтындығы, әрі ерлер сүйегінің құрамын қайта құруға пайдасы болатыны, алайда жас әйелдер мен  климактериядан соңғы мезгілдегі әйелдерге пәлендей пайдасы жоқтығы көрсетілген. Кейбіреулердің айтуына қарағанда, сырада кремни құрамы біршама көбірек болуы мүмкін. Бірақ, алкоголды ішімдікті шамадан артық ішу  сүйек сыну ықтималдығын арттырады.

 

Тіршілік қуатын сақтайды: 50 неше түрлі зерттеулерге үңілсек: Қалыпты түрде сыра ішу мен жалпы өлім-жітім аралығында бір түрлі қарама-қарсы байланыс барлығын байқаймыз. 2005 жылғы АҚШ ауылшаруашылық министрлігінің мәліметіне негізделгенде, әр күні 1-2 стакан шарап ішетін адамдардың өлім-жітім қатері негізінен ең төмен болады екен. Бұл – сыраның жүрек ауруы және миға қан құйылу сықылды аурулардың алдын алу ролы болғандығынан делінген.

 

Сезімдік жақтан сауықтырады: «Епидемология және  әлеуметтік денсаулық журналына»  басылған бір зерттеу нәтижесінде, сыра ішетін адамдар ішпейтін адамдарға қарағанда науқасқа аз шалдығады, өзін сергек сезінеді деп көрсетілген.
+1 дауыс
Сыра жүрек ауруы қаупін азайтады Соңғы зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, бір саптыаяқ сыра жүрек ауруы қаупін төменде­те­ді.

Оқу және зерттеу жөніндегі италиялық қордың кардиологтері 200 мыңнан астам адамның мәліметтеріне талдау жүргізген.

Соның нәтижесінде сыра ішетін адамдарда жүрек ауруы қаупі 31%-ға төмен болатыны анық­талды.

"Сыра құрамында май мен жасунықтар (клетчатка) болмайды.

Есесіне, біршама ақ­уыз бар. Сонымен бірге сыраның кейбір сұрыптары көмірсуларға, калий мен магнийге және В дә­ру­меніне бай. Мұндай сусындар жүрек ауруларына себеп болатын гомоцистеин затының мөлшерін азайтады", – дейді дәрігер Касмукх Рават.

Бұған қоса, сыра құрамындағы фенол және меланоидин антиоксиданттары күретамырлардың қатаюына жол бермейді екен.
0 дауыс
Сыра Арақтан зиян себебі бауырды ірітіп нашарлап  жібереді әрине көп ішше.
Бауырды ірітетін спирт және спирттің зат алмасу процесстері барысында қалатын қалдықтары.
иа солай
0 дауыс
Негізі, табиғи сыраның пайдасы көп. Мысалы, ас қорытуға көмектеседі, бүйрек жұмысын жақсартады, құрамында витаминдер көп. Бірақ, қазіргі сатылып жатқан сыралар, әсіресе бөтелкедегі сыралар, Қытайдан әкелінетін сарғыш порошоктан спирт қосылып жасалады. Яғни, таза химия. Сондықтан, оны тек шаш жууға және автомашиналардың покрышкаларын жууға пайдалануға болады. Покрышка қап-қара болып әдемі көрінеді ))
Табиғи сыра қандай болады?
Табиғи сыра талда өседі.
Табиғи сыра сұлыдан (ячмень) ашытылып жасалады.
Қателесесіз, сеньор Чичарито ))
0 дауыс
Сыра— арпа, су және құлмақ (хмель) араластырып ашыту арқылы дайындалатын алкоголі аз сусын (ішімдік). Оның құрамында 4—10%-ға дейін тез сіңетін тағамдық заттар, 0,3—0,4% көмірқышқыл газы мен органикалық қышқылдар, құлмақтың ащы қалдықтары, сондай-ақ 1,8—6% шамасында алкоголь болады. Сыра арақтың iнiсi деген сөз бар. Сондықтан жоламаған дұрыс. Сыраны көп мөлшерде iшкен еркек әйелге ұқсай бастайды екен. Бойындағы гармондар өзгерiске ұшырайды. Мында халал сыра жайында да айтылған: http://www.namys.kz/?p=5195 Жоғарыдағы жауаптағы деректер ойдан құрастырылған, халықты алдап, сыраны сатып мол пайда табудың амалы.
...