+6 дауыс
13.3k көрілді

Стив Джобс

Стив Джобс туралы 10 дерек таптым. Сіз қандай Стив Джобс туралы дерек білесіз?

1) Туған әкесі – сириялық, туған шешесі – неміс, асырап алған әкесі – американдық, асырап алған шешесі – армян.
2) Туған әкесі Абдулфатта Джандали мейрамхана бизнесімен айналысады. Екеуі кездесіп, қол алысқан, бірақ әкелі-балалы екендерін білмеген. Бірнеше жыл өткен соң бір-бірі туралы білгенде естеріне түсірген, бірақ одан кейін кездеспеген, өйткені Стив бас тартқан.
3) Стив тағы бір Стивпен (Уозняк) бірігіп "Apple" компаниясын ашқан, бірақ кейін өзін сол компаниядан шығарып жіберген.
4) "Apple" компаниясынан кеткеннен кейін Стив "Next", "Pixar" деген компанияларды ашқан. Алғашында Стивтің жеке қолдауымен, кейін "Pixar" мен "Disney" бірлесіп түсірген "Ойыншық хикаясы" ("Toy Story") мульфильмі "Оскар" жүлдесін алған.
5) "Pixar" түсірген тағы бір мультфильмге Том Хенкстың дауысы керек болғанда Стив сол кездегі президент Билл Клинтонға Том Хенксты көндіріп бер деп өтініш жасаған.
6) Стив жапонның бір дизайнеріне жүз шақты водолазка тікітіріп алған. Өмірімнің соңына дейін жетеді дейді екен өзі. Көп суреттерінде сондай водалазкамен, көк джинсимен тұратыны сондықтан.
7) Кейде қызметкерлері идея ұсынғанда Стив сол арада оны жоққа шығарып, бірнеше күн өткеннен кейін өз идеясындай қылып қайта айтатын болған.
8) Стивті шығарып жібергеннен кейін он бес жылдай уақыт өткенде "Apple" тығырыққа тіреледі. Сол кезде Стив өзінің "Next" компаниясымен көмекке келіп, артынша уақытша бас директор, кейін бас директор болып, "Apple"-ді құлап бара жатқан жерінен қайта көтереді.
9) Сүйікті әншісі Боб Дилан жұлдыз болып тұрған шағында Стивті ешкім танымайтын еді, ал Стив әлемге танымал адамға айналғанда Боб Диланды адамдар ұмыта бастаған болатын. Стив қызметкерлерінің қарсылығына қарамастан әйгілі "iPod" жарнамасына сол Диланды алған.
10) Стив соңғы презентациясын жасағанда жиырма келі арықтап кеткен еді. Өйткені жеті жылдан бері емделмей келе жатқан қатерлі ісік меңдей бастаған болатын. 
2011 жылы 56 жасында дүниеден өтті.

Ақпарат көзі

7 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Барлық информация жазып қойыпсын ғой)) Көбіне қара киіммен жүреді) Емделмейтін қатерлі ісікпен ауыратының білгенінде баласына 10 жылда айтам деген ақылын 10 күнде айтып, бітпеген шаруаларын тез бітіруге тырысып жүргенінде дәрігерлер ауруының емін таптық деп айтады, ақырында сол аурудан 2011 жылы дүниеден өтеді) медицинский колледжде оқыған, толық бітірмеген, өзіне ұнаған лекцияларға ғана қатысқан. Сол лекцияларда алған білімін кейін практикада қоданған, осы клавиатураның қазіргі дизайынының алғашқы варианттарын құрастырушылардың бірі. Википедияда қызықты жазылған орысшасын оқысан,Өмір баяны қызық)
+2 дауыс
Стив Джобс туралы "Империя соблазна" атты фильмді онлайн-киносайттардан көруге болады.
Ол көркем фильм сияқты ғой, документальді фильлмдері де жетіп артылады
киноны жана гана корип болдым сиздеп көріп) Википедиядан барин окып алганнан кейін дал сондагыдай тусирилипти) не ожиданность болмады) Қызық кино екен)
+2 дауыс

Мына өмірбаянынан түсірілген документальды фильмді қарап көр:

+1 дауыс
Ол ешқашан Самсунг ұстамапты.
+3 дауыс

Стив Джобс жайлы 20 дерек

  1. Стив Джобстың шыққан тегі сириялық. Оның туған әкесінің аты-жөні - Абдулфаттах Джандали (Abdulfattah Jandali).
  2. Джобстың қарындасы – жазушы Мона Симпсон (Mona Simpson). Қарындасының бар екендігін есейгенде бір-ақ білді. Қарындасы алғашқы «Қай жерде болса да, тек мұнда емес» (Anywhere But Here) деген романында өзінің ата-анасымен қарым-қатынасы жайлы (олар Стивтің де ата-анасы еді) жазады. Джобс пен Симпсон өздерінің ағайынды екенін 1990 жылдарға дейін білген емес. Бұл бір жағынан табиғат пен тәрбие арасындағы даудың айғағы іспетті. Екі бала да өмірді сезінудің айрықша табиғатына ие және олардың екеуі де бір-бірінен тіпті алшақ салалардың ең үздік өнерлілерінің қатарынан орын алған.
  3. Джобстың туған ата-анасы магистратура студенттері ретінде баланы тәрбиелеу ауыртпалығын көтеруге дайын екендіктеріне күмәнді болғандықтан, ұлын басқаға асырауға береді. Бірнеше жылдан соң олар екінші балалы болады.
  4. Стив ол ата-анаға баланы бір ғана шартпен - олар жоғары білімді болса ғана беруге келісті. Бірақ баланы алған жұп бұларды алдайды. Соңынан белгілі болғаны, олар колледжде оқымаған (шешесі тіпті, орта мектепті де бітірмеген) болып шықты. Баланы беру-бермеуді ойланған кезде , олар Стивті қалайда колледжде оқытуға уәде береді.
  5. Стив Atari-де жұмыс істеп жүрген кезінде Breakout (арканоид) ойыны үшін басып шығару тақшасын дайындауға тапсырма алады. Atari компаниясының негізін қалаушы Нолан Бушнелдің айтуынша, компания машинадан алынып тасталатын әр чип үшін 100 доллар ұсынған. Джобс тақша-ның құрылымынан хабары аз болғандықтан, Вознякпен егер ол чип санын барынша азайта алатын болса, бонусты тең бөліп алуға келіседі. Возняк чип санын 50-ге кемітіп, Atari-ды таңғалдырады. Осы құрылымда чиптің тығыз орналасқа-ны соншалық, оны жинау желісінде қайта жинау мүмкін болмайды. Міне сол кезде Джобс берген уәдесінде тұрмай, компания оған 700 доллар (шындығында 5000) төледі деп, оған 350 доллар ғана береді.   
  6. Ол өзін бедеумін деп санап, бірінші баласын мойындамайды.
  7. Стив пескетарианц еді. Басқаша айтқанда, ол ет жемейтін, тек балық пен вегетариандық тамақтарды (жұмыртқа мен сүт өнімдерін қоса) пайдаланатын.
  8. Джобс монастырға кетіп, монах болуды ойлайды. Джобстың үйлену рәсімін оның думанды тобы мен будда монахы өткізеді.
  9. Стив Джобс жас кезінде ең азы бір рет ЛСД қолданған. Ол бұл тәжірибе «менің өз өмірімде істеген екі не үш нәрсемнің ішіндегі ең бір маңыздысы болатын»,- деп айтыпты. Джобс әрдайым өз-өзіне сенімділігімен ерекшеленетін. Оның жасы 12-ге толғанда, радио детальдары таусылады да, ол бірден Уильям Хьюлетке (Hewlett-Packard-та істейтін): «Менің атым Стив Джобс, Сіздерде менің жиілік есептегішін құрастыруыма пайдалануға болатындай  қосалқы бөлшектер табылар ма екен, соны білгім келеді»,-деп телефон шалады. Баламен сөйлескен Уильям оның сұраған барлық заттарын жібереді және оны каникул кезінде өз фирмасына келіп жұмыс істеуге шақырады.
  10. Apple компаниясын құрушы Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең аз айлық алатын директор ретінде тіркеліпті: ресми құжаттар бойынша, Джобстың айлығы жылына 1 долларды құрапты.
  11. Джобс 1983 жылы Джон Скаллиді Pepsi-Cola компаниясынан Apple-ге ауысуға көндіреді. Ақырында, араларында пайда болған кикілжіңнен Стивтің өзі жоба жетекшілігінен шеттетіліп, Apple-ден кетуге мәжбүр болады.
  12. Джобс көп жыл бойы The Beatles-ді барынша жақсы көрді. Бұдан басқа ол классикалық музыкаларды, әсіресе Бахты сүйіп тыңдайтын. Ол Барбара Стрейзанд шығармашылығын ынтамен бақылап, оның қатысуымен өтетін концерттер мен басқа да шараларға жиі баратын.
  13. Стив нөмірі жоқ автомобиль (Mercedes SL55 AMG) жүргізе-тін және машинасын әрқашан мүгедектерге арналған орынға қоятын.
  14. Apple қызметкерлерінің 90 %-ы Стив Джобспен ешқашан кездеспепті.
  15. Джобс Pixar студиясын 10 млн. долларға сатып алып, оны Disney компаниясына 7,5 млрд.-қа сатыпты.
  16. Стивтің аяғы 48 мөлшерлі болатын.
  17. Apple II (алғаш 1977 жылы таныстырылған) сол кездің неғұрлым танымал компьютеріне айналған кезде Стив бар болғаны 25-те еді және ол өз уақытының ең жас миллионері болатын.
  18. Стив бірнеше мәрте баспасөздегі ең жек көрінішті директорлар тізімінің басында тұрды.
  19. Bloomberg-тің жаңалықтар бөлімі 2008 жылғы 29 тамызда Стив Джобстың өліміне арналған 17 беттік қазанама жариялайды. Бақытына қарай, ол қателік тез байқалды.
  20. Стив Джобс 2011 жылдың 5 қазанында қайтыс болды. 
0 дауыс

https://vk.com/video257893101_170730040  осы видеода жаксы айтылган

+1 дауыс
"Ақылды болу мен сабақты жақсы оқу екеуі екі бөлек нәрсе" деген қанатты сөзі бар.
...