+5 дауыс
556 көрілді

Сұрақ-Жауап сайты өз оқырмандары мен тұрақты белсенді қолданушыларын жинап үлгерсе де, сайтта әр саланың мамандарына тапшы.

Осыны ескере келе сайт қолданушыларына ұсыныс тастайын деген едім. Қазір Құдайға шүкір сайтымыз тұрақты жұмыс істеуде. Сайтқа ауыртпалық түсіріп, сайттың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіретін жағдайларды шешкендей болдық.

Өз саланың маманы.

Барлығымыздың достарымыз, аға-әпке, группалас, сыныптас, белгілі сала бойынша істейтін маман туыстарым бар. Сол сала мамандарын сайтқа тартумен айналыссақ қалай болады деген өтініш.

Мысалы: Үйде дәрігер әпкеміз болса, дәріге қатысты сұрақтарды жинастырып кешкісін үйге келгенде 15-20 минут уақытын алып сол сұрақтарға нағыз маман жауап берсе керемет болар еді.

Қазіргі кезде сайтымызға өте қажетті маман иегерлері:

  • Дәрігер
  • Заңгер
  • Қаржы саласының маманы
  • Мектепке қатысты сұрақтар. Яғни матиматика пәніне қатысты қойылған сұрақтарды, түсінікті етіп шығару жолдарын түсіндіріп бере алатын ұстаз.
  • Психолог
  • Тіл мамандары
  • Өмірде көргені көп, ақыл, бағыт, кеңес бере алатын адамдар. Жако ағамыз бар. Бірақ тағы 2-3 үлкен аға, апаларымыз болса нұр үстіне, нұр болатын еді.
  • тағы алып қосар мамандар тізімін, жауап ретінде жазсаңыз  болады...

Мен де өз тарапымнан сайтқа мамандарды тартуға тырысамын. Келесі емес, арғы аптада университеттерді аралап болашақ магистрант, сала мамандарын сайтқа тартуды қолға аламын. Оған дейін келесі апта ішінде мен қазіргі сайттың мүмкіншіліктерін қалай қолдану керек жөнінде мәтін суретпен және одан бөлек видеонұсқаулықтар түсіріп жаңартамын.

Сайтта қалай тіркелу, қалай сұрақ қою, жауап беру, суретті қалай қосу керектігі туралы нұсқаулықтарды жазып әрі видеонұсқаулық форматында түсірмекпін.

Ол нұсқаулықтарды сайтқа алғаш кірген қолданушыға берсеңіз, сайтты қалай қолдану керектігін тез түсінетін болады.

Сайттың ішінен Видео-дан бөлек, контенттік 2-3 жобаны қосатын шығармын деген жоспар бар. Есесіне сайтта пайдалы ақпараттар топтастырылып, сіздер үшін пайдалы ақпарат болмақ. Егер араларыңызда белсенді болып, бос уақытымда қазақша видеоларды толықтырып, видео қосамын десеңіздер, алдағы уақытта хабарлама жариялаймын. Арнайы аккаунт ашып беріп, бос уақытыңызда видеолар қатырын толықтырсаңыз алғысым шексіз болар еді.

Блог. Сайттың ішінде қарапайым блог мүмкіншілігін қосу жоспарда бар. Онда сайттың қолданушылары сайтқа және басқа да арнайы санат бойынша блог жаза алады. Мақсаты қазақша контентті көбейтіп, қазақша ақпаратты бір сайтқа топтастыру.

Осындай толықтырулар сайтта орын алуы мүмкін.

Ең маңыздысы сайтқа өз саласының мамандарын тарту өзекті болып тұр. Достарыңыз, сыныптас, группаластарыңызды сайтқа тартсаңыз деген ниет. Кезінде сайтымыздың белді модераторы сайтымыздың логатипі және сайттың адресі бар көп қағазды шығарып, достарына, көшедегі адамдарға таратқан еді. Қуанарлық жағдай. :) Осындай креативті ұсыныстар болса, талқылауға дайынбыз.

Алып қосар ойларыңыз болса, жауап ретінде жаза берсеңіздер болады. Рахмет!

Ағасы, осы сенің заңгер қарындасың бар еді ғой, Соны осы сайтқа тартырсаңшы. Таразда тұратын секілді.))

11 жауап

+4 дауыс
Ия дұрыс, мен кейбір сұрақтарға өзім жұмыс жасайтын мекемемдегі қаржы, заңгер мамандардан сұрап алып жауап беріп жүрмін, Дәрігер, Психолог мамандар керек-ақ осы сайтқа (діни сұрақтар бұрынғыдай қойылмай-ақ қойсын)
Рахмет үлкен үлкен.
Әр сұрақ сайын сұрап отыр ыңғайсыз, сондықтан өздері сайтты қолдануы жеңіл болуы үшін нұсқаулықтар жазып шығамын. Мейлінше сайтымызды әр саланың мамандыры отыратын сайт етуге тырысуымыз керек. Сонда сапасы өзінен-өзі артатын болады. Все.кз атты форум ұнайды. Онда әр сала бойынша мамандарды табуға болады, біз де қазақша сондай жүйені қалыптастырсақ нұр үстіне, нұр болатын еді.
Қазір сайтқа қатысты бизнес моделдерді ойластырудамын. Айдың шын белсенді 3 қолданушысына ай сайын қаржылай сыйлық беруді қоссам ба деген жоспар бар. Бірақ алдымен финанс жағын шешіп алуым керек. Тұрақты түрде ай сайын, тұрақты сумманы бөліп тұра алатынымдай.
Одан бөлек сайт қолданушысы айдың ең көп қаралған сұрағын анықтау туралы ұсыныс тастады. Жақсы ұсыныс, сайттың негізгін жасаушы еврей, жапон, үнді программистеріне ұсыныс тастадым. Жақын арада жасап қалуы мүмкін.
Ал діни сұрақтарға келетін болсақ. Діни сұрақтарды біз басынан шектеп тастағанбыз, діни сұрақтар Мүфтияттың сайтына қойылуы керек. Сонда сілте отырамыз.
+1 дауыс
Мәәә ол не деген адам ерігіп көшеде қағаз таратқан. Иа бірақ күштеп тарту мүмкін емес. Ақша береді десең келер енді.
:) Мен күштеп тарату жайлы айтып жатқаным жоқ. Қандай жолдарды ұсынсақ болады, ой қоссаңыздар деген ниет. Кезінде Мәкең осындай керемет шараларды ұйымдастырған еді сайтымыз үшін. Мәкеңнің орны бөлек сайтымызда. Әлі күнге дейін арамызда жүргеніне қуанамын.
+2 дауыс
Ендi Әбеке ұсыныс жақсы қәзiр белсендiлiк көрсетiп жүрген қолданушыларда әжептеуiр баршылық, М.вирус ағасы бар оның мамандығын бiлмедiм бiрақ жан-жақты, суретiне қарасам фотографқа ұқсайды, түрiне қарасам әкiмге ұқсайды, номер бiрiншi сол болып тұр... Дәрiгерiмiз де бар главный врач, Биология мен оны қыз деп жүрмiн ғой, сосын өзiң айтқаныңнан соң бiлдiм... Тағы vwwww-деген ағасы бар бiрақ ол сұрақтарға онша араласа бермейдi, зато, зато сұрақ-жауаптарды қадағалаудан алдына жан салмайды жаман жылдам, жарайсың дегiм келедi... Тағы кiм бар Медет бар, Медет ол Медет... Жако ағаны танымайды екенмiн шыны керек... Jаnаr996-жас болса да сөзi өткiр қыз, ойы терең олда белсендiлiк танытып жүр... Аты аталмай қалғандар болса кешiрiм сұраймын, флешкам 128-дiк бәрiңiздi есте сақтай алмаймын... Жалпы әр үйде бiр маман иесi болады, не обизательно высшее образование, бұл жерде әр-түрлi сұрақтар қойылады, өмiр, бизнес, диханшылық, ән, жануарлар жәйлi... Бiр сұрақ қойылса үйдегiлерiңiздiң сол салада қәбiлетi болса ерiнбей барып сұрасаңыздар ештеңелерiңiз кетпейдi, адамға сауапта керек, iстеген жақсылықтарымыз бумеранга сияқты өзiмiзге қайтып келедi... Және әрқайсысымыз осы сайтты жадный болмай вконтакте де бөлiсiп отырсақ, вкадағы адамдардың стенасына жазып кетiп отырсақ әжептеуiр адамдар жиналып, жауап алуымыз оңайға түсер едi...
+4 дауыс
Мен экономистпін. Өзімнің білімімді тереңдету мақсатында 10 жылдан астам уақыт жалпы ( тұрмыстық) медицинаны және Ислам мен Православие діндерін зерттеп жүрмін. 1999 жылдан Интернет пайдаланушымын. Осы төрт бағыттағы (экономика, жалпы медицина, религия, Интернет және компьютерлік программалар) сұрақтарға тұщымды жауаптар жазуға тырысып жүрмін.

Өзгерістер туралы. Сайтқа блогтың тіпті де қажеті жоқ деп ойлаймын. Белгілі қазақстандық блог-сайттар бар: yvision.kz, on.kz деген сияқты. Таза сұрақ қойып жауап алатын қазақ тілді танымал жалғыз сайт болып қала бергені дұрыс болар.
Ислам дінің зерттеп жүр екенсіз бұл жақсы.
Амал етпегеннен соң құр зерттегеннен не пайда...
Білгенге - маржан, білмегенге - арзан ))
+3 дауыс
Иә Ереке ойыңыз дұрыс екен. Сіз атап кеткен мамандардың арасына - спортшыларды, жаттықтырушыларды да шақыру керек екен, бұл сайтта салмақ қосу, азайту, дене шынықтыру жайлы сұрақтар көп... Сұрақтарға келер болсақ, мен өзім де кейде білетін үлкен адамдардан сайттағы сұрақтарға байланысты көмек сұрап тұрамын, бірақ әр сұрақ сайын сұрап тұру ыңғайсыз екені түсінікті, тікелей сайтты қолдануға шақырайын десем көбісі интернетті қолдана алмайды және қызықпайды.. Жақында группаластарымды сайтқа шақырамын, бірақ уақыт болмай жүр оған. Одан бөлек вконтакте желісіндегі танымал топтарға жарнама жасау керек, жақсы таныстыру жазып жарнамалау қажет, сонда қолданушылар сайтқа тартылады, вконтактеге әр түрлі мамандар да кіреді, вк-ға жарнамалау жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.
Тамаша идея топтарға жарнамалау қажет...
+1 дауыс
Жақсы бастама! Іске сәт! Егер админнен рұқсат болса, осы сайтқа қазақша видеоблогтар салмақ едім. Соған арнайы логин ашып берсеңіз! СЖ сайтының Қазақстандағы ең ірі сайт боларына сенімдімін.
+2 дауыс

Мен Меддидің ойына қосылам. Өйткені, қазір қазақ буын өкілдерінің көбібі әлеуметтік желілерде отырады. Солардың арасына сайтты кеңінен насихаттасақ қадамымыз оңынан туады.

Алдымен, сайттың мобилді нұсқасы жасалуы керек. Өйткені, алғаш келген қолданушыларға қиындық тудырып, ештеңе түсінбей кетеді. Сондай-ақ, жаңа видеонұсқаулық түсіремін деген ойың дұрыс.

Блог. Сайттың ішінде қарапайым блог мүмкіншілігін қосу жоспарда бар.

Бұлда қажетті дүние. Тек сұрақ-жауаппен өмір сүру әбден зеріктіріп жібереді.

Тағы айтылатын мәселелердің бірі - ЧАТ! Оң жақ бөлікке шығарып қойсақ, қызу әңгімеге кез-келгені араласар еді.

Және де әбден айтылып-айтылып ығыры шыққан - асықтар мен сауалнама қажет.

Кезінде сайтымыздың белді модераторы сайтымыздың логатипі және сайттың адресі бар көп қағазды шығарып, достарына, көшедегі адамдарға таратқан еді. Қуанарлық жағдай.

 Арамызда Жас Отан Жастар қанатының мүшелері болса жасауға тұратын дүние. Өйткені, сіздер жалғыз емес бірлесіп жасайсыздар! Яғни, мүмкіншіліктеріңіз көп деген сөз.

+2 дауыс
Иә дәрігер жоқ сайтта, бірдене болса "дәрігерге бар" диміз да отырамыз)) Бұрын сұрақ жауап деп визитка, брашуркалар жасап тарататын едік ғой конференцияда ақылдасып))) Дәрігерлер бұндайға милар қатырғылары келмейтін сияқты бәрібір, жұмыстары бастан асады, средний медперсоналдар болмаса..
+2 дауыс
Менің мамам математика пәнінен береді.Оның уақыты жоқ.Бірақ мен математика және физика пәнінен көмектесіп көрейін,түсінбесем мамамнан сұрай жатармын.Ол есептер негізінен маған да керек,2 жылдан кейін ҰБТ-тапсырамын,10-сынып оқимын өткен тақырыптар болса уақыт тауып шығаруға тырысамын.

Ал сайтқа адам тарту мәселесі болса,көп адамдар интернетте отырады,соған рекламаларды көбейтсек жақсы,бірақ оған ақша керек шығар?

ВК,уатсап,инстаграм арқылы сайттың атын шығаруға болады.Адамдарға сайт туралы бір жақсы,көңілге жағымды мәтін жіберейік.
+2 дауыс
Менің ұсынысым бар еді. Сайттың басты деген бетін жасау керек. Сол басты деген жерге СЖ суретін қойып дегендей. Екінші осы сайттың мысалы Админ, сосын модератор,редакторларды, мамандарды бір бөлек тізіп жазса. Себебі сайтқа жарнама, мыжма сұрақ қойылғанда редакторларды іздеп қалады екенсің. Рахмет.
Арнайы қолданушылардың жанында сары , қызыл нүктелер тұр, байқадың ба.
0 дауыс
Бұл шынында да өзектi мәселе. Сайтты құраушы қолданушылар көбiсi оқушылар мен студенттер екенi рас. Ал сайтқа мамандарды тартуға болады. Жас сайт емес, бұйырса 5жыл да болады. Сайтқа арнайы мамандар тарту үшiн жоспар керек. Олар уақыттарын қиып, сұрақтарға жауап берiп отыратын оларда уақыт бола бермейдi. Бұл сайтта шынын айтқанда жаны ашып, осы жолда жұмыс жасап, еңбек етiп жүрген қолданушы өте аз. Тек балл, атақ дәрежеге бола жүредi. Сондықтан тұшымды жауап алып, сайтты алға сүйреу үшiн тың идея керек.

Ұқсас сұрақтар

...