–1 дауыс
15.8k көрілді
Жұмақтың кілті ананың табанының астында дегенді қалай түсінесіз?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
қасиетті хадисте: "Алланың разылығы- ата-ананың разылығында, Алланың ашуы - ата-ананың ашуында",-делінген.
Анамыз әке сезінбейтін үш ауыртпашылықты бастан кешіреді. Тоғыз ай жүктілік, ашшы толғақ, омыраудан емізген бейнетті күндер мен түндер. Бұл- айтқанға ғана оңай. Сондықтан ананың міндетінен толық құтылатын перзент жоқ. Жасап жатқан жақсылығымыз- адамшылықтың өтеуі ғана. Біз анамыздың кейбір ауыртпашылығына: "Қасымызда қашанға дейін жүрер дейсің, шыдап берейік, деп," сабыр қыламыз. Ал, Олар болса: "Өссін, өнсін, көрер қызықтары көп болсын, өмірлері берекелі болсын,- деп," біздің мазасыздығымызға майыспай, қыңқылдағанымызға қайыспай тұрып берді ғой. Ия, рас, жыласақ желкесіне көтерген, ауырсақ арқасынан түсірмеген аналарымыздың кейде, телефон шалып, көңілін көтеруге де жарамай жатамыз.  "ата-ананың қадірін ата-ана болғанда да білмей жүрміз бе", деп, қорқамын. Сондықтан, анасы тірі болғандар, жаннат қақпасының тұтқасын ұстап тұрғандай, аналарының қадірін білулері керек. Ал, анасы дүниеден өткендер, анасына сөз келтірмейтіндей, ізгілікке толы ғұмыр кешіп, артынан салихалы дұғаларын жолдап отыруы қажет.
Ананың жақсылығын білмеген- адамның жақсылығын білмейді. Ал, адамның жақсылығын білмеген- Алланың жақсылығын білмейтіні, хадистерде анық айтылған. Алла бәрімізді сондай шүкірсіздерден болудан сақтасын.
...