+2 дауыс
Әкемнің ағасының немересі маған қандай туыс болады?Өйткені әкемнің ағасының немерелерінің ішінде менен үлкені де,кішісі де бар.
02.11.2014 7.9k қаралым

5 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Менің әкемнің ағасының баласы: егер жасы үлкен болса - немере ағам, кіші болса - немере інім, болып келеді.
02.11.2014
Өте дұрыс жауап, жалпы немере бауыр деп те айтуға болады
Сұраққа жауап сәйкеспейді.. или мен қателестім бе.. сұрақта ағасының баласының баласы туралы (немересі) жауапта ағасының баласы туралы.
0 дауыс
Егер əкеңіздің ағасының баласының бала-шағасы болса бауырыңыз болады. Егер қызынікі болса жиеніңіз болады.
02.11.2014
Бауыр екенін білемғой.Қазақта бір аттар бар емеспе немере,шөбере деген сияқты(атайтын)
Жоооқ. Немере ол түсінікті баласының баласы екені. Шөбере ол жат болады атасының інісіне.
Ал бұл жағдайда жәй ғана бауыр деп аталады.
Басқа атауы болмайды. Бауырым деп атайсыз)) əпкеңіз немесе қарындасыңыздікі болса жиенім дейсіз болды. Ал анаңыз туыстары бөле, нағашы болып бөлінеді.
Иа. Дұрыс... Тек БАУЫР болады ол сізге...
0 дауыс
Оның нақты атауы болмайды емес пе?

Бір атадан туғандардың балалары немесе немерелері бір біріне - БАУЫР болады.

Бұл нақты жауап.
02.11.2014
0 дауыс
Атауы болу міндетті емес қой. Ия туыс
01.04.2015
0 дауыс
Бір атадан тарап, әкелерің ағалы інілі болса Немере ағайын болып келесіздер.
01.04.2015
127,956Сұрақ
322,866Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы