+2 дауыс
19.2k көрілді
Адамның жеті ұрпағы не деп аталады?

1. Бала.
2. Небере....

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Адамның жеті ұрпағы 

Бала - өзіңнің балаң

Немере– туыстық атау. Ер адамның баласынан тараған ұл мен қыз. Ағайынды кісінің балалары туыстық жақындығы жағынан Немере аға, Немере іні, Немере қарындас, сол сияқты ағайынды кісінің қыздары да Немере апа, Немере сіңлі болып аталады.

Шөбере

ШӨБЕРЕ – туыстық атау. Атадан санағанда немереден өрбіген ұрпақ. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шөбере немереден таралған ұл-қыздардан құралады.

Шөпшек

Шөпшек – туыстық атау. Атадан тараған төртінші ұрпақ. Немере мен шөбереден туғандар туыстық жағынан қашықтай бастайды. Шөпшекті кейбір жерлерде туажат деп те атайды

Немене

Немене– туыстық атау. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеті ата жүйесі бойынша таратылатын жетінші ұрпақ.

Жүрежат

Жүрежат – алыс туысқандықты білдіретін атау, яғни туажаттан туған бала. Жүрежат – адамның өзінен санағанда жетінші буыннан қосылатын туысы. Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпы бойынша Жүрежаттың балалары бір-бірімен қыз алысып, құдандалы бола алады.

Туажат

Туажат – дәстүрлі қазақ қоғамындағы туыстық атау, немененің баласы. Туажат адамның өзінен бастап санағанда алтыншы буын. Ол туыстық қатынас жағынан бір атаның баласы саналғанымен, одан кейінгі ұрпақтардың іргесі бөлініп, туыстық қарым-қатынасы алшақтай бастайды.

Жұрағат

Жұрағат – алыс туыстықты білдіретін ұғым. Жеті атасынан туысқандар үлкені кішісін Жұрағат дейді. Әдетте, бір рудан тараған адамдар да бірін бірі Жұрағат дей береді.

Жекжат

Жекжат, жамағайын, жамағат — бір-біріне құдандалық, т.б. жақындығы бар адамдар. Жегжат атауы қандас туыстарға қатысты қолданылмайды. Жекжат — туыстығы жоқ, бірақ құданың құдасы, нағашының бөлесі, жиеннің балдызы сияқты туыстық қатысы бар адамдар арасындағы жақындықты білдіретін атау. Олар құда, нағашы, жиен сияқты туыстық, жақындық құқықтарды талап ете алмайды.

+2 дауыс
Ата ,әке ,
Бала — ата-ананың перзенті екінші ұрпақ.
Немере — ата-ананың үлынан туған баласы, атадан санағанда үшінші ұрпақ.
Шөбере — төртінші ұрпақ, немереден туған бала.
Шөпшек — бесінші ұрпақ, шөбереден туған бала.
Немене — алтыншы ұрпақ, шөпшектен туған бала.
Туажат — жетінші ұрпақ, неменеден туған бала.
Жүрежат — сегізінші ұрпақ, туажаттан туған бала.
Жұрағат — тоғызыншы ұрпақ, жүрежаттан туған ба¬ла.
0 дауыс
Бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, емене, біртуар.
...