+1 дауыс
1.0k көрілді
Тамақтанып отырсақ, үйге қонақ келсе , - сені қайыненең жақсы көреді екен дейтін әжем келген қонаққа. Ал тамақтанып болып, дастархан жиыстырып жатқанда келсе керісінше , қайын енесі ұнатпайды екен. Жазда нағашым аулына барғанмын, тура түскі ас үстінен түсіппін. Мені мақтап жүреді екенсің дейді нағашым, маңдайымнан сүйіп. Ал дастархан жиылганда барсам жамандап жүрген болады екенмін. Ал сіз осыған сенесіз бе? Қайсысы дұрыс?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақтың жақсы ырымдарының бірі ғой. Қай уақытта болса да адамдар кісілер тамақ ішіп отырғанда үстіне кіріп қалғанда тамақ адам санымен дайындалуы мүмкін, приборлар саны да солай болуы мүмкін деген ойлармен ыңғайсызданатыны рас қой, міне сондай жағдайға қалдырмау үшін дана қазағымның ойлап тапқаны шығар. Болмаса қайыненеңіздің жақсы көруі де, жек көруіде өз адамгершілігіңізге байланыста болады емес пе?
Ия Жако ата, дұрыс айтасыз.
+3 дауыс
Қазақ халқының баяғыдан қалыптасып келе жатқан ырымдарының бірі ғой. Мен сенбеймін ырымдарға, бірақ ас үстінде барсам "қайын енең жақсы көретін болады екен" деп айтса қуанып қаламын :)
+1 дауыс
Енең өз қызындай көредi ендi сенi...
+1 дауыс
Жай қалыптасып қалған стереотип ырымдар ғой. Сенгің келсе сене бер, сенбесең де өзің біл
...