0 дауыс
7.8k көрілді
Астана қаласының өзінде қанша халық бар?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

835 153 Астана халқының саны осынша адамға жетті

Елорда тұрғындарының саны 2014 жылғы 1 шілдеде 835 153 адамға жетті. Олардың 375 938 (45%) Алматы ауданында, 119 929 (14,3%) Есіл ауданында, 339 286 (40,6%) Сарыарқа ау­да­нында тіркелген. Бұл туралы Астана қала­сы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне қа­ла­ның статистика департаментінен хабарлады.

2014 жылдың алғашқы айымен салыс­тырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 20 718 адамға, оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 7 957 адамға, Есіл ауданы бойынша – 6 127 адамға, Сарыарқа ауданы бойынша 6 668 адамға көбейген.

2014 жылғы қаңтар-маусымда халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,3%-ға көтеріліп, 9 831 адамды құраса, көші-қон есебінен өсім 10 887 адамды құрады.

2014 жылғы қаңтар-маусымда Астана қаласы бойынша 11 621 сәби дүниеге келген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен са­лыс­тырғанда 9,7%-ға артық.

0 дауыс
835 мыңнан астам
0 дауыс
Казыр астанада неше адам Турады?
...