835 153 Астана халқының саны осынша адамға жетті
Елорда тұрғындарының саны 2014 жылғы 1 шілдеде 835 153 адамға жетті. Олардың 375 938 (45%) Алматы ауданында, 119 929 (14,3%) Есіл ауданында, 339 286 (40,6%) Сарыарқа ауданында тіркелген. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне қаланың статистика департаментінен хабарлады.
2014 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 20 718 адамға, оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 7 957 адамға, Есіл ауданы бойынша – 6 127 адамға, Сарыарқа ауданы бойынша 6 668 адамға көбейген.
2014 жылғы қаңтар-маусымда халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,3%-ға көтеріліп, 9 831 адамды құраса, көші-қон есебінен өсім 10 887 адамды құрады.
2014 жылғы қаңтар-маусымда Астана қаласы бойынша 11 621 сәби дүниеге келген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға артық.