+1 дауыс
10.3k көрілді
Егерде сіз билік басында болсаңыз қандай ірі өзгерістер едіңіз?Мысалы мен билік басында болсам бензинді арзандатуды ұйғарар едім,және де Қытайға мұнай сатпас едім.

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Шет елдегі қарыздарымызды өтеуге тырысар едім. Дін мəселесін шешетін едім. Бейбіт жағдайда зайырлы емес мемлекет етер едім. Тек Ислам дінін қабылдатып. Тіл мəселесіне көңіл бөлер едім. Шекараға шектеу қояр едім. Шетелдіктерді ары бері тайраңдатып жүргізбес едім. Қазір Қазақстан Өзбекстан үшін табыс көзі болып тұр. Жəне Қазақстанның байлағын қолданып жатқандар қаншама. Өзімізідің қазақтарды жұмысқа тартар едім. Жаныма жағымпаздарды емес Ринат Зайтов, Мұхтар Шаханов сынды реалист ұлт жанашырларын жинап, қазақты қазақ етер едім. Біздің Қазақстанға нағыз патиоттар жетіспейді. Көбісі дерлік жалған париоттықпен өмір сүріп жүр. Сіздер бұл сөздерді оқып билік басына барған соң өзгересің, бұның бірін де жасамайсың деп айтарсыздар. Бірақ бұл менің арманым. Жетіп жетпесім бір Аллаға аян. Бірақ қолымнан келгенше осыларға атсалысып өтемін.
Қазір көп ғалымдардың еңбегі ақталмай жатыр. Қолдау көрсетпейді. Мəселен Аширов деген профессор бар оның Қазақстанға еңбегі орасан. Оны танымауларыңыз мүмкін əрине. Өйткені оны қолдап жатқандар жоқ. Нобель сыйлығына ұсынылды ғылыми жобасы. Егер жоғарыдағылар қолдаса ұтып алары анық еді. Əттең! Мен осындай кісілерді қолдап. Тарихта аты қалуын қалар едім.
0 дауыс
Сіз қазір осылай айтып тұрсыз. Билік қолға тигеннен қалай сөйлейтініңізді ешкім білмейді. Адамды билік, ақша, әйел өзгертеді деп бабаларымыз бекер айтпаған.
+1 дауыс
Басқа ұлт өкiлдерiнен тазартар едiм, қазақты...
+2 дауыс
Кез келген мемлекеттің ішкі баға саясаты мен халықаралық міндеттемелері болады. Мысалы, елімізде бензин өтімді. Литрі 200 теңге болса да, өтеді. Егер ел халқы 3-4 күн бойы бензин сатып алуды тоқтатса, бензин бағасы күрт түсіп кетер еді. Ал елімізде өндірілген мұнайды алысқа тасымалдағанша, іргеміздегі Қытай еліне экспорттаған арзан, әрі тиімді. Тиімді болатыны, үстіміздегі киімнен бастап, ине-шегеге дейін Қытайдан алып отырмыз.
+1 дауыс
Орыс тілін мүлдем алып тастайтын едім, қоғамдық жерде орысша сөйлеген адамдарға арнайы жаза түрін ойластырар едім. Заңды басынан аяғына дейін өзгертер едім. Қазақстаннан шығатын тауарларды көбейтер едім, техника (көлік, телефон, теледидар т.б.) шығаратын зауыттарды ашатын едім, жеке кәсіпкерлерге жеңілдік жасар едім. Аурухана, мектеп, бала бақша т.б. салып беремін, маған дауыс беріңдер :)
+1 дауыс
Мен Президент болсам билiк басындағыларға тек қазақша сөйлеуiн талап етем.Ауылды жерлерге су,газ тартқызам,аурухана,үй,мектеп салдыртам,бензиндi арзандатқызам,Ислам дiнiне келуiне шақырам,iшкi жағдайларды реттестiрем,Депутат,Министр,Әкiмдерге тек қазақ көлiктерiне мiнсiн деп айтам.т.б.
+1 дауыс
Мен билік басында болсам тілдің мәселесін ең алдымен шешер едім сосын барып Қазақстандағы жағдайлары нашар адамдарға көмек көрсетер едім
0 дауыс
Коммунизімді қайта әкелер едім
Коммунизм болып па еді негізі?-)))
...