+2 дауыс
5.9k көрілді
Қарайған тісті қалай ағартуға болады?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Тіс ағартудағы бірінші көмекшіңіз - ас содасы. Соданы тұзбен не тіс пастасымен араластырып қолдануға болады. Ол тістің бетіндегі эмальды қырып ағартады. Сондықтан бұндай дауаны аптасына бір реттен жиі жасамаңыз. Тістері сезгіш жандарға бұлай тісін ағартуға кеңес бермес едік.
Тіс ағартудағы жақсы құрал - сутек тотығы (перикись водорода). Онымен ауызды шайыңыз, не мақтаны сулап, тістеріңзіді сүртіңіз. Бұл дауа да зиянсыз емес, сондықтан жиі қолданбаңыз.
Ағаш күлі бұрыннан бері ел ауызында жүрген тіс ағарту жолдарының бірі. Оның құрамындағы калий гидроксиді тісті бір сәтте ағартады. Орнына белсендірілген көмір қолдануға болады.
Табиғи тіс ағартатын құралдардың бірі - лимон шырыны. Оны тіске жағып, артынан сумен шайып жіберіңіз. 
Тағы да бір табиғи және өте дәмді тіс ағартқыш - құлпынай. Табиғи құрамдас бөліктерінің арқасында ол эмальдағы күңгірт дақтарды кетіре алады. Құлпынайдан езбе жасап, тіске жағып, бірнеше минуттан кейін шайып тастаңыз.

Үйдегі тіс ағарту шаралары тісіңіздің саулығына әсер етуі әбден мүмкін. Тістеріңіз сезімтал болып, суық-ыстыққа ауыруы мүмкін. Ағарту барысында тістің эмалі жұқарады, сондықтан бұндай шараларды бастамас бұрын, тістеріңізді сүт тағамдарымен берік қылыңыз. Мысалы сүзбе, ірімшік, йогурт жеп барып, ағарту шаруасына кірісіңіз.

http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/8714/

Маржандай ақ тістер, әдемі күлкі!… Бәріміз тісіміздің ақ, күлкіміздің әдемі болғанын қалаймыз, бірақ оған үй жағдайында қалай қол жеткізуге болады? Әрине, ол үшін әрдайым тіс күтімін жасау керек.

Әдемі күлкінің ең басты құрауыштарының бірі – тіс эмалінің түсі. Тіс эмалі ақ болған сайын, тістеріңіз жарқырап көрінеді, ал күлкіңіз тартымды бола түседі. Тіс дәрігеріне баруға уақытыңыз жетіспесе не қаржылай қиындық туса, тісіңізді үй жағдайында да ағартып алуыңызға әбден болады. Ағартудың бірнеше жолдары бар. Сіздердің назарларыңызға соның бірнеше жолын ұсынғалы отырмыз. Бұл әдістер қарапайым әрі көп уақыт алмайды. Ата-әжелеріміз тісті ағарту жолдарын ертеден білген. Кәнекей, тісті ағартудың дәстүрлі жолдарын қарастырып көрелік!

1. Тіс эмалін белсендірілген көмір мен ас содасының көмегімен ағарту

Ертеректегі тісті ағартудың ең кең таралған әдістерінің бірі. Ең алдымен, белсендірілген көмірді майдалап, үгіту керек. Дайын болған ұнтаққа тіс пастасын қосып қолдануға болады немесе ұнтақтың өзін ғана қолдануға болады. Сонымен тісті үйкеп, тазалайсыз. Бұл әдісті аптасына бір рет бір ай жасасаңыз, нәтижесін байқайсыз.

2. Ас содасы да ағартушы қасиетке ие

Кейде үй жағдайында тіс ағарту үшін ас содасын қолданады. Ол тісті біршама ағартады. Дегенмен, содамен тісті ағартудың кері әсері де бар. Ас содасы тісті ағартқан сайын тіс эмалін жойып отырады. Нәтижесінде, тіс өте сезімтал болып, мықтылығын азайтады. Сонымен қатар, ас содасы қызыл иек ке де кері әсер етеді, қызыл иек уақыт өте қанағыш бола бастайды. Сол себепті, ас содасын өте аз мөлшерде, кейде ғана қолданған жөн. Біздің ойымызша, ас содасы тісті ағартудың ең жақсы әдісі емес, сол үшін тісті ағартудың басқа әдістерін қарастырып көрейік.

3. Сутек тотығы тісті ағартудың ең қарапайым құралдарының бірі

Дәріханаларда сутек тотығымен жасалған тіс ағартатын арнайы гель бар. Сіздер тіс ағартуға  сол гелді сатып ала аласыздар немесе кәдімгі сутек тотығын қолдансаңыздар да болады. Бұл әдістің тиімділігі тіске қаншалықты жиі қолдануыңызға және тісіңіздің табиғи түсіне байланысты.

Сутек тотығымен тіс ағартудың бірнеше нұсқалары:

Мақта тампонын сутек тотығына малып, тісіңізді сәл үйкеп, сүртіңіз. Содан соң, тіс пастасымен тісіңізді тазалап, артынан жылы сумен шайыңыз.

Алдымен тісіңізді тазартып алыңыз. Содан соң, 1/3 стақан суға 25 тамшы сутек тотығын тамызып, араластырып, тісіңізге тигізіп, аузыңызды шайыңыз. Артынан аузыңызды таза, жылы сумен шайып жіберіңіз.

Соңғы жылдары тіс ағартудың ең белгілі құралдарының бірі – шай ағашының майы болып табылады. Ол тісті тек ағартып қана қоймай, зарарсыздандыратын қасиеті болғандықтан, ауыз қуысын түрлі ауру туғызатын бактериялардан қорғайды. Бұл құралдың басқа тіс ағартушы құралдардан артықшылығы – тіс эмалін құртпай, қызыл иекті қабындырмай, керісінше, тыныштандыруында. Ендеше, неге осы әдісті қолданбасқа?!

4. Шай ағашының майымен тісімізді ағартамыз

Тісті күнделікті тазалаудан бастайсыз. Содан соң тісіңізді тіс щеткасына 2 тамшы 100%-дық шай ағашының майын тамызып, қайта тазалайсыз. Осы кезде ауыз қуысының ұйып, жансыздануын сезінесіз. Артынан майдың иісінен арылу үшін міндетті түрде аузыңызды су мен лимон шырынының қоспасымен шайып жіберіңіз. Нәтижесін тез көруге асықпаңыз. Шынайы нәтижеге қол жеткізу үшін, тісті шай ағашының майымен бір ай бойы тазалау керек. Нәтижесінде тек әдемі тістерді иемденіп қана қоймай, қызыл иектің қанауы мен тістегі тастардан құтылғаныңызды көруіңізге болады.

5. Үй жағдайындағы тісті ағартудың заманауи мүмкіндіктері

Үй жағдайында тісті ағартудың бірден-бір заманауи құралы – капа. Оны стоматологиялық клиникаларға тапсырыс беріп, қол жеткізуге болады немесе дәріханалардан сатып алуға болады.

Капаның жанында тіс ағартушы арнайы гелі болады. Тісіңіз біршама ағару үшін капаны күніне бір сағат қолдануыңыз жеткілікті. Капа мен гелді 2-3 апта қолданған жөн.

Тістеріңізді ағартуға бұл әдістердің қайсысын қолдансаңыздар да толық нәтижеге қол жеткізу үшін, кофе, қою қара шай, қанық шырындар секілді бояуы көп тағамдарды аз қолдануды есте сақтаңыздар. Әсіресе, шылым шегу тістің ақ түсін жоғалтып, сарғаюына әкеледі. Әдемі тіс – адам көркі. Көркімізді барынша күте білейік!

http://kazfashion.kz/

+2 дауыс
қарайған тіс дегеніңіз ол құрт басқан тіс пе?
я солай, бір тістің тек жиегі ғана қарайған. ол молебу кампитінен болды.
Белгісіз
0 дауыс
Әдемі ерін екен анау )))))

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
+2 дауыс
7 жауап
...