0 дауыс
20.7k көрілді
Тіс ағарту. Тісті қалай ағартуға болады?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тұздың көмегімен тісті ағартып, қатайту

Тұз қызыл иекті жақсы қатайтып, ауыздағы жараларды жазады. Сондай-ақ, ауыздан жағымсыз иістің шығуына жол бермей, тісті ағартады. Кез-келген ұсақталған тұз тіске көмектеседі. Алайда, теңіз тұзының жөні бөлек. Суға жуылған марлінің бір бөлігіне тұз салыңыз да, тісіңіз бен қызыл иегіңізді сүртіңіз. 1 шай қасық тұзға 1 ас қасық зәйтүн майын қосып (өсімдік майын да қолдануға болады) паста жасауға да болады. Араласқан май мен тұзды қолға жағып, 5 минут бойына тісіңізді сүртіңіз.

Соданың көмегімен тісті ағартып, қатайту

Тіс пен қызыл иекті қатайтудың ең қарапайым тәсілі – тіс щеткасына аздаған паста жағып, үстіне сода себу. Мұндай әдісті аптасына 1 рет қайталаңыз. Өйткені, көп қайталаса эмаль кетіп қалуы мүмкін.

Мынадай пастаны жасауға да болады: жарты шай қасық содаға 10-12 тамшы сутек тотығын және аздаған лимон шырынын қосыңыз. Содан соң, бірнеше минут бойына тісті екі жағынан мақтамен сүртіңіз. Процедура аяқталған соң, 15 минут бойы ештеңе ішіп-жемеңіз. Мұндай рецепт ауыздан жағымсыз иіс шығармайды, сондай-ақ, қызыл иекті қатайтып, тісті ағартады.

Тісті ағартып, қатайтуға арналған, үй жағдайында дайындалатын паста

Қызыл иек ісігін емдеп, ауыздан шығатын жағымсыз иістен арылып, қызыл иекті қатайтып, тісті ағарту үшін келесі рецептті қолданыңыз: 1 шай қасып ұсақ тұз бен 1 шай қасып балды араластырыңыз. Бұл қоспамен тісіңізді аптасына 1-2 рет жуыңыз.

Шай ағашының майымен тісті ағартып, қатайту

Шай ағашының майы бактерияға және асқынуға қарсы дәрі ретінде танымал. 1 стакан қайнаған суға 3-4 тамшы шай ағашының майын қосыңыз да, аузыңызды осы қоспамен жүйелі түрде шайып тұрыңыз. Егер қызыл иегіңіз асқынған болса, шай ағашының майымен шыланған мақтаны тісіңіз бен қызыл иекке басыңыз.
+1 дауыс
Медицинаның дамыған заманында тісті ағартудың сан жолы бар. Бірақ, әлі де халықтық емдеу түрін үй жағдайында қолданатын жандар кездеседі. Мұндай әдістерді пайдаланғанда қызыл иек пен тіс эмаліне зақым келтірмейтінін біліп алғаныңыз абзал. Есте сақтайтын тұстары да жоқ емес.Себебі, халықтық емдеу тәсілдері арқылы тісті ағарту – оның ұзақ уақыт бойы аппақ болып жүруіне кепілдік бермейді.

Тісті ағартудағы халықтық емдеу тәсілінің бірі – ас содасы. Тіс мәсуегін (щетка) содаға батырып, тісті ысқылап жуады. Аздап тіс пастасын қосуға да болады. Бұл әдісті аптасына бір-ақ рет қолданып тұру жеткілікті. Себебі, соданы мөлшерінен артық қолдану тістің эмаль қабатын жұқартады. Эмаль жұқарған соң, тістің ыстық пен суыққа деген сезімталдығы артады. Сонымен қатар, қызыл иектің жиі қанауына да себепкер болуы мүмкін.

Тісті ағарту үшін сутек тотығын (перекись водорода) да пайдалануға болады. Ауызды тазалап болған соң тісті сутек тотығына батырылған мақтамен сүртеді. Бірақ, бұл тәсіл де сода сияқты тістің эмалін бұзады. Сондықтан бұл сұйықтықты ағарту үшін жиі қолдануға болмайды.

Халықтық медицинада ағаш күлі арқылы да тісті ағартудың тәсілі бар екен. Ол үшін тіс мәсуегін (щетка) ағаш күліне батырып, аздап пастамен араластыра тісті тазалайды. Ағаш күлінің құрамындағы калий тісті жақсы ағартатын көрінеді.

Құлпынай мен бүлдіргенді тісті ағартуда көбірек жеген пайдалы. Оның құрамындағы қышқылдар мен глюкозаның ағартатын қасиеттері бар. Сонымен қатар, аталған жемістерді жеп, шырынын ауызда ұстап тұру да – тіске пайдалы екен. Соңынан ауызды жылы сумен шайып тастау керек.

Ас тұзын кішкентай ғана дәкеге орап, жылы суға батырып, сонымен тісті ысқылап сүртуге болады. Бұл да тісті ағартудың бір тәсілі.

Негізінен тістің сарғаюына темекі, кофе, шай және шарап себепкер. Тістің сарғаюын асқындырады. Сондықтан бұларды ішкен, шеккен жағдайдан кейін міндетті түрде ауызды шайып жүрген дұрыс.
0 дауыс
Содамен жу ағарады.Және күнджелікті тісіңді тіс пастасымен жуып жүрсең ағарады
+1 дауыс
Осы сілтемелерге өтсеңіз қажет ақпаратты ала-аласыз.

https://surak.baribar.kz/419268/тісті-қалай-ағартуға-болады

https://surak.baribar.kz/500862/қарайған-тісті-қалай-ағартуға-болады

https://surak.baribar.kz/495188/тісті-ағарту-үшін-қандай-маманға-жүгінуіміз-керек

Сұрақ қоймастан бұрын ұқсас сұрақтың барын тексеріңіз.
0 дауыс
Кунделикти тис пастасымен жуганнын озинде тис агармайды
0 дауыс
Күнде азанда кешке жуып жүр.
+1 дауыс
1. Құрғақ сүт.

Кептірілген сүт ұнтағы тісіңіздің ағаруына көп көмектеседі. Сонымен қатар оның құрамындағы кальций қызыл иек пен тісті қатайтады.

2. Бүлдірген.

Бүлдірген шырыны да тісті ағартып, тынысыңызды тазартады.

3. Зәйтүн майы.

Зәйтүн майы мен күнжіт майы тісіңізді тамаша тазалап, түрлі тіс ауруының алдын алады.  

4. Сода мен лимон қышқылы.

Сода мен лимон шырынының қоспасы бір қолданғаннан-ақ тісіңізді жылтыратады.

5. Қызылмия.

Қызылмия өсімдігі құрамы жағынан сағызды еске түсіреді. Онымен тек тісіңізді тазалап қоймай, қызыл иек ісігінің де алдын аласыз.

6. Иіржапырақ, ешкіжапырақ, жалбыз.

Мұндай шипалы шөптердің қайнатпасымен тісіңізді күнделікті шайып тұрсаңыз, тіс ауруларына төтеп бересіз.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
6 жауап
...