+1 дауыс
807 көрілді
1.Қазақша күрестен өтетін "Әлем Барысы" турнирын неге Павлодарда өткізбекші? Басқа қала таппай қалды ма? Мысалы: Шымкент, Астана, Алматы, Тараз, Қарағанды. 2. "Әлем Барысы" турниріне Қазақстанның атынан кімдер қатыспақшы? 3. "Әлем Барысы" турниріне жалпы қанша мемлекеттен, қанша балуан қатыспақшы? 4. Қазақстанның басты қарсыластары қайсы құрамалар болуы мүмкін? (2-3 елді атап өтсеңіз) 5. "Әлем Барысы" турнирін "Қазақстан ұлттық телеарнасынан" көрсетеді ме? Сағат нешеде? 6. "Әлем Барысы" турниріне басты демеушілер кімдер? Турнирдің жүлде қоры қанша? 7. "Әлем Барысы" турнирін болашақта өте үлкен көлемде ұйымдастырады ма? Жалғасын табар ма екен? Рахмет! Осы сұрақтарға жауап берсеңіздер!

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Дұрыс ғой қайта, "қазақша күрес" жалпы "ҚАЗАҚ" дегенге қатыстыларды солтүстікке қарай тарту керек, солтүстікті қазақшаландыру керек. Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкентте бола беру шарт емес, басқа да қалала бар әп әдемі)) Солтүстікте болатынына ризамын қайта)
+1 дауыс

 «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» – ТҮЙЕ БАЛУАНДАР ЖАРЫСЫ

Кеше «Rixos President Astana» қонақүйінің конференц-залында «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры баспасөз мәслихатын өткізді. Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев алдағы жоспарлы ауқымды шаралар жөнінде тілшілер сауалына жауап берді.

Тұңғыш рет қазақ күресінен жалауын көтеретін «Әлем барысы» халықаралық турнирінің ұйымдастыру барысына тоқталсаңыз…

– «Қазақстан барысы» республикалық турнирі дәстүрлі додаға айналып, қазақ күресінің мерейін өсіргені баршаңызға белгілі. Былтыр бес салмақ дәрежесінде командалық сайыс түрінде бірнеше елдің басын құрап, «Еуразия барысын» өткіздік. Шетелдік телеарналардан көрсетілген белдесудің бағасы да жоғары болды.

Біздің көксегеніміз – қазақ күресінің қарыштап дамып, олимпиада ойындарының қатарына қосылуы. Осы бағытта биыл күрестің көкжиегін кеңейтіп, 25 қазанда Павлодар қаласында «Әлем барысы» халықаралық турнирін өткізгелі отырмыз. Бұл турнирде бес құрлықтан 32 елдің түйе балуандары бақ сынайды. Жарысқа тек 90 келіден артық салмақтағы балуандар қатысады.

Сонымен бірге, 22 қарашада Тараз қаласында екінші рет «Еуразия барысы» сайысы өтеді. Сондай-ақ, 5-7 қараша аралығында 350-ден аса барыстардың ізбасарлары «Жас Барыс» республикалық турнирінде белдеседі.

– «Әлем барысының» жүлде қоры қанша? Және біздің елден бұл турнирге кім қатысады?

– «Әлем барысы» турнирінің жалпы жүлде қоры – 150 000 АҚШ доллары, ал, «Еуразия барысының» жүлде қоры – 100 000 АҚШ доллары. Бұл екі сайысқа да Ұлан Рысқұлов, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов сынды Қазақстан барыстарының бірі қатысады. Қайсысының бабы дұрыс болады, сол балуанды белдестіреміз.

– Қазақ күресін әлемдік деңгейге көтеру үшін мұндай байрақты бәсекелерден бөлек, атауын да өзгертудің қаншалықты маңызы бар?

– Қазақ күресі 1928 жылға дейін «қазақша күрес» деп аталып келген. Негізі, күрестің «белдесу», «түйе балуан» деген түрлері көп. Кейін келе ұлттық күресіміз «Қазақ күресі» аталды. Әлемдік спорттың санатына кіру үшін Қазақ күресін қысқа ғана «Күрес» деп атағанды жөн көріп отырмыз. Жапонның дзюдосындай Олимпиада ойындарының қатарына қосылмаған күннің өзінде «сумо» секілді бүкіл ел білетін күреске айналдыруымыз керек.

0 дауыс
Әлем Барысына 32 ел қатысады.Неге Павлодарда өткенін білмедім.25 Қазанда өтеді.Біздің еліміздің атымыздан:Б.Ыстыбаев,А.Нұғмаров,А.Барменов,Р.Әбдіразақ қатысады.Ол жарыс Таразда өткенін қаладым.Жарыс қоры 150 000 АҚШ доллары.
+1 дауыс
Қай қалада өту керегі маңызды емес!
0 дауыс
Әлем барысының толық нұсқасын қай жерден көре алам???
...