0 дауыс
1.9k көрілді
Бізде мектепте бір оқушымен айтысындар деп тапсырма берген! Ер баланы мадақтайтын өлең шығарып беріңіздерші!

1 жауап

0 дауыс
Тәуелсіздік таңы атқан кездерде де,

Шетелге шырылдатып бала саттың.

Араша тұрмақ болған азаматтың,

 Талайын оқ жаудырып, оңаша аттың.

Бабасы мен баласын сата ма екен,

Жағдайын ойлаған ел болашақтың.

(қарсыластың аты), мұның бәрі кесірі ғой

Сенің қолың секілді саясаттың.

Біз қазақ талайларға арман елміз,

Біреуге рас, біреуге жалған елміз.

Мырзалықтың шыңына малдас құрып,

Жомарттығы аспаннан жауған елміз.

Орыстардың орманын қорғаймын деп,

Соғысқа да қатысқан ардагерміз.

Ақынынан ұят боп кетпесін деп,

Атасының басын да жарған елміз.

Өз алтынын Қытайға бере салып,

Қаңсығын сатып алған саудагерміз.

Байлығын басқаларға бәсіре ғып,

Шайлығына қараған шаруагерміз.

Мәуесі салбыраған ағаш егіп,

Жемісін жұртқа берген бағбан елміз.

Жыланға іс басында іркіт құйып,

Ішуге іркіт сұрап алған елміз.

2-ші бала

Ей, бүгінгің бола алмайды бүгін батыр,

Сөздерім тектіліктің шыңында тұр.

Қолым менен саясатты салыстырдың,

Бұл теңеуің ел көңілінен шығып жатыр.

Саясаттың көкесін мен айтайын,

Салт-санам оны оймен біліп жатыр.

Біз, қазақ "қасқырмыз" деп мақтанамыз,

 Бірақ та бізден мықты шығып жатыр.

Аюдай Ресейіңді айтар болсам,

Қасықтап мұнайыңды қырып жатыр.

Өзбектер өкшемізді қытықтаса,

Жеріме қытай-түлкі кіріп жатыр.

Арыстандай АҚШ-ың тағы да бар,

Рухыңды саясатпен жығып жатыр.

Қызғалдақ қыздарымыз қызармастан,

Түріктің қойынында күліп жатыр.

Шенеунік, инвесторың елді тонап,

 Ел сенің жуастығыңды біліп жатыр.

Мінеки, қасқырлығың осы елім,

Қақпанын әлем саған құрып жатыр.

Атағың көкке қарап тұрғанымен,

Тұмсығың жерге қарап ұлып жатыр
...