+2 дауыс
600 көрілді
Астанада осындай атаумен институт ашылыпты деп естідім. Сол туралы ақпараттар білсем деп едім. Нені оқытады екен? Оқу ақысы қанша екен? Кімдер қабылданады?т.б

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Астанада нағыз қазақтың жоғары мәдениетті қыздарын оқытып шығаратын оқу орны пайда болды. Ол «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты. Оқу орнының мақсаты – ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шәкірт дайындау.

Негізінен мұнда 8-ден 17 жасқа дейінгі мектеп оқушылары озық үлгідегі қазақи және еуропалық дәстүрдегі қосымша білім, тәрбие алады. Білікті ұстаздар музыка, сурет өнері, іс тігу жалпы  саны 45 пәннен тұратын арнайы бағдарлама бойынша сабақ өткізеді. Қыздарға алуан түрлі ас мәзірлерін даярлаудың, дастархан сәндеудің, жұртпен қалай қарым-қатынас жасап, тіл табысудың қыр-сырын үйретіледі.

Бағасы айына 50 000 теңге
+1 дауыс

«Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты ашылды

Астанада Қазақстандағы алғашқы «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты ашылды.

«Қазақ қызы» ҚБ президенті, институт жобасының авторы Қарақат Абденнің айтуынша, оқу-тәрбиелік институттың мақсаты -қыздарды озық үлгідегі қазақи және еуропалық қоғамдық-инабаттық дәстүрде тәрбиелеуге бағытталған қызметті жүзеге асырады.

«Бұл өте қажетті оқу орны. Осы игілікті бастама қоғамымызға пайдасын келтіреді. Бұл институттан тәлім алып шыққан қыздар өздерінің инабаттылығымен көзге түсетініне сенімдімін»,-деді мәдени-инабаттылық қыздар институтының ашылуы рәсімінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова.

Мәдени-инабаттылық қыздар институтының оқу-тәрбие бағдарламасына оқу материалдарын ұйымдастырудың модульдік қағидаты негіз болып отыр. Модульдер міндетті және қосымша сабақ болып бөлінеді. Бағдарлама барлығы 12 модульден және 45 пәннен тұрады. 1 тоқсанда 5-8 модуль бойынша сабақ өтеді.

Әр жастағы топ (8-9, 10-12, 13-15, 16-17 жас) белгілі бір модульдік  бағытта сабақ оқиды. Сабақ аптасына 3 рет өтеді.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, аптасына бір рет барлық жастағы топтарға арналып танымал қайраткерлердің қатысуымен дәріс сабағы, шығармашылық кездесу, қайырымдылық шара, тақырыптық кеш секілді ортақ сабақтар ұйымдастырылады. Әр айдың соңында кешенді шығармашылық емтихан тапсырылады, сондай-ақ толық циклдің соңында қыздарға сертификат беріледі. 1 тоқсанда 300-ге дейін қыз бала оқиды. 

+2 дауыс

Революцияға дейін Ресейде "Институт благородных девиц" деген оқу орындары болған. "Все новое - это хорошо забытое старое" дейді орыс ағайындар )) 

...