0 дауыс
14.5k көрілді
ГОСТ-ты МемСТ-деп аударған дұрыс па?

3 жауап

0 дауыс

Филология ғылымдарының кандидаты Нағима Әшібаева

ГОСТ (государственный стандарт) қысқарған сөздер арқылы жасалған атау. Сондықтан оны МемСт деп аударсақ қазақ тілінің нормасына сай келеді. Бірақ бұнымыз Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті деген мекемеге онша ұнамай отыр. Олар бұл өзі барлық жерде талайдан бері қалыптасып қалған атау, сондықтан қазақша мәтін ішінде де өзгеріссіз ГОСТ деп жаза берген жөн дегенге тоқтап, өздеріне жүгінген басқалардан да солай талап етіп отырған жайы бар.

Жақсыбеков Жексенбек филолог

ГОСТ сөзі қысқарған сөз екендігі анық. Бірақ қысқарған сөздер басқы буындардан немесе басқы әріптерден құралатыны белгілі. Бұнда мәселе қайсысынан қысқарғанда емес бұны неге аударуға болмайды дегенде болып отыр. Кеңес дәуірінде қазақша мәтіннің барлығында СССР деп жазылатын, кейін КСРО болып жазылып көз де құлақ та үйрене бастады. Сол сияқты ГОСТ деген орыс тілінен қысқарған сөздің орнына қазақшасын қойып жаза бастасақ, кейін кірігіп кетер еді. Мәселен, БАҚ-ты СМИ демейміз ғой. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетте бір құлдық сападағы адамның уақытша пәрменділігімен бұл әлі сол ГОСТ күйінде қалып отыр. Меніңше бұл уақытша нәрсе. Сондықтан бұл сөз МемСт болып жазылуы тиіс.
http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

0 дауыс
МемСТ деген аударма дұрыс деп есептеймін
0 дауыс
Екеуі бір зат қой, гост орысша
...