+1 дауыс
870 көрілді
Мен жеті адамнан жауап алған едім.
Сілтемесі міне,  http://aitaber.kz/page/zhauap_alu/ (бұл сілтеме, екі апта өткеннен кейін жойылады.)
Сол дауыс беруден кейін, астында ең көп дауыс берілгендер...
База данных - Мәліметтер базасы(3)
Комментарий - пікір(5)
Пароль - Құпия сөз(4)
Доступ запрещен немесе В доступе отказано - рұқсат жоқ(4)

Енді сұрақ, басқа тілдерден қазақ тіліне аудару кезінде, неге мән берген дұрыс?
Бұл сұрақты қойған себебім, мен аударып жатқан сөздерімді көпшілік қолданбақ, ал оны жай аудара салғым келмеді...

Мысалы мына сөз "Комментарий"  бұл сөздің тура аудармасы "түсініктеме"
ал "пікір"  сөзінің тура аудармасы ол "мнение; суждение; отзыв"
ал халық, түсініктемеге емес пікірге үйренген екен. Сол сөзге көп дауыс берілген еді.
Осындай әртүрлі жағдайлар кездеседі, соған жауап іздеп отырған жайым бар...
Алдын-ала  рақмет.

1 жауап

+3 дауыс
Бұлар өте қарапайым бас қатырмайтын терминдер көрінеді. Аударуы күрделі сөздер бар, мысалы сервер, авторизация, аутендификация, идентификация т.с.с. Жалпы, термин туралы талқылауды  тиісті жерде талқылағанда, нақтырақ баламасын жолықтыру ықтималдығы жоғарылайтын сияқты.

Қазірде қазақшаландырумен айналысып жатқан адамдар көп, бірақ олардың басын қосатын жерлерді кездестірмедім. Сондықтан, линукс, мозиллалар сияқты қазақшаландыру жұмысына атсалысып жатқан адамдармен байланысқан дұрыс.

Және тағы, аударманы сөзбе-сөз емес, мағынасына қарай аударған дұрыс сияқты. сонымен қатар, ағылшын тілінде бір сөз бірнеше салада қолдана беріледі. Мәселен: джамп сөзі. Ол әр салада өзіндік мәнімен түсінікті. Ал оны біз жақтағылар өзіне ыңғайлы етіп аудара салады, нәтижесінде қолдану ауқымы өте тар болып қалады, келесі жерде түсінікті болуы үшін, және бір аударатын жағдайлар туады.

Сәттілік.
...