0 дауыс
Кеше " 99 баллмен оқуға түсті" деген жазуды байқап, жұмыста пікір-талас туып қалды. Меніңше, "баллмен" сөзі қате жазылған. Әріптестеріп дұрыс дейді. Жөнін айтып жібересздер ме? Қосымша жалғанғанда бір "л" түсіп қалмайды ма?
22.10.2014 2.3k қаралым

1 жауап

+1 дауыс

Нұрымбетова Жанна, ғылыми қызметкер

Сс, лл, кк, тт сияқты қосар әріппен келген кірме сөздердегі екі әріптің біреуі қосымша жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: прогресс – прогреске, металл – металдар, грамм – грамы, балл (баға) – бес балдық жүйе, Донбасс-Донбастан [1, 17]. Балл (баға), балға, балы, бес балл [1, 99]. Демек, «Кеше 99 балмен оқуға түсті» деп бір «л» арқылы жазылады. Пайдаланылған әдебиет: 1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі ⁄ Құраст. Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Күдеринова, А. Фазылжанова және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. – 616 бет.
http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

22.10.2014
Енді біліп жүретін болдым.

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,885Жауап
153,169Пікір
73,000Қолданушы