+1 дауыс
ҰБТ да ағылшын таңдасам неше баллмен грантқа түсемін?
04.09.2015 2.3k қаралым

2 жауап

0 дауыс
Орыс тілсіз 96-100 аралығында алсаң грантқа мүмкіндік болуы мүмкін. Алтын Белгі болсаң тіпті жақсы қиналмай түсесің.
05.09.2015
0 дауыс
Ұбт-да ағылшын пәнін таңдап мемлекеттік грантқа ие болу өте қиын. Егер сіз "Алтын Белгі" иегері болсаныз, жараныз азда болса жеңілдейді. Мысалы,"Халықаралық қатынастар" мамандығына грант шектеулі бөлінеді, ал тапсыратындар көп, олардың басым бөлігі АБ иегерлері, автономиялық оқу орындарының түлектері, олимпиада жеңімпаздары. Дегенмен, олардың өздері құр алақан қалулары ғажап емес. Грантқа түсу мүмкіндігі бар. Бастысы балынызға қарай оқу орнын және мамандықты дұрыс таңдай білген абзал. Бұлай айтатыным, осы жылы талай АБ-лерде, жеңімпаздарда жер сипап қалған еді. Ұбт-дан шамамен орыс тілінсіз 90-100 балл алсаныз гранттан үміттенуге болады. Негізі конкурс ҰБТ-ның нәтижесіне байланысты. Сондықтан, нақты осылай деп кесіп айтуға болмас. Қосымша мәлімет ретінде осы жылғы, алдыңғы жылғы грант иегерлерінің тізімін қарап , зерттеп шығыңыз. Қай оқу орнына, қай мамандыққа қандай балмен түскендерін.
05.09.2015

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы