Нұрымбетова Жанна, ғылыми қызметкер
Сс, лл, кк, тт сияқты қосар әріппен келген кірме сөздердегі екі әріптің біреуі қосымша жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: прогресс – прогреске, металл – металдар, грамм – грамы, балл (баға) – бес балдық жүйе, Донбасс-Донбастан [1, 17]. Балл (баға), балға, балы, бес балл [1, 99]. Демек, «Кеше 99 балмен оқуға түсті» деп бір «л» арқылы жазылады. Пайдаланылған әдебиет: 1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі ⁄ Құраст. Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Күдеринова, А. Фазылжанова және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. – 616 бет.
http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap