Мемлекеттік тілді дамыту институтының құрметті мамандары! Сізге қоятын сұрағым бар. Түркі тілдерінің көбісінде қолданылатын парсы тілінің "ки" жалғаулық шылауын неліктен өзіміздің қазақ тілімізде, әсіресе заңи құжаттамаларда қолданбасқа? Аталмыш шылау, орыс тілінің "что, который" сөзіне пара-пар келеді және жоғарыда аталған түркі тілдерінде келесі мақсатта қолданылады, мәселен: "Он сказал, что придет завтра. Ол айтты-ки, ертең келеді". "Дело в том, что человек, который занимается данным вопросом, сейчас в отпуске". "Іс сонда-ки, осы мәселемен айналысатын адам қазір демалыста". Заңи құжаттамаларды аударған кезде, осымен байланысты көптеген қиындықтар туындап тұрады, әсіресе салалас құрмалас сөйлемдер мен сабақтас құрмалас сөйлемдерде. Біздің қазақ тілімізге осы шылау сіңіп кете алар ма еді, Сіздердің ойыңыз қандай?