Қарапайым бір мысал айтайын:
Бір адам кредитке ақша алады да, кепілдігіне пәтерін қояды. Әлгі қарыз алған адам уақытында кредитін жабуға мүмкіндігі болмай қалған кезде, сот шешімімен банк ол үйді сатуға құқылы. Банк жарнамаға береді, егер нарықтағы құнына өтпесе, оны тендерге салады. Әдетте, бұндай тендерде көлік, жылжымайтын мүліктер басты қызығушылыққа ие тақырыптар. Олардың құны нарықтағы құнынан әлдеқайда арзанырақ болып шығады.