"СУМАЙЯ" балмұздағы....
1 л сүт
100 гр сары май
5 жұмыртқаның сарысы
1 шәй қасық крахмал
2 кесе қант
Сүтті ыдысқа құйып қайнағанша қоямыз, үстіне сары майды салып астын жәй қойып қайнатамыз, басқа ыдысқа жұмыртқаның сарысын,крахмалды салып біркелкі болғанша араластырамыз, үстіне 50 гр сүт құйып тағыда араластырамыз, осы массаны қайнап жатқан сүттің үстіне құйып қайнағанша араластырып тұрамыз, қайнап болғасын бір ыдысқа салқын су құйып сол суға ыдысымен салып суығанша араластырамызда суығасын арнайы ыдыстарға құйып мұздатқышқа саламыз.