+1 дауыс
1.2k көрілді
Өндіріс жарақаты туралы. Мен 2014 жылдың 6 маусымы күні іссапар кезінде қолымды сындырып, дене жарақатын алдым. Операция жасалып, сүйек ішіне темір қойды. Мен жұмыс істейтін бөлім өндірістік жарақат алғанымды мойындап, акт түзген болатын. Еңбекке жарамсыз кезімде екі ай бойы мекеме жалақымды төледі.

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 159-бабына сәйкес жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1241 қаулысымен бекітілген ереженің 13-тармағына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктілікті және босануды, сондай-ақ «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1171 қаулысымен айқындалған жағдайларды қоспағанда, екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау тәртібі және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы  № 1339 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес айкындалады (бұдан әрі - Ереже).

Ереженің 5-тармағына сәйкес жәрдемақы еңбекке қабілетсіздігінің алғашқы күнінен бастап еңбекке қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектігін белгілегенге дейін жұмыс істейтін орны бойынша төленеді.

Ереженің 7-тармағына сәйкес нақты қызметкердің айлық жәрдемақысының мөлшері оның орташа күндік жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық парағына сәйкес төленуге жататын жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.

Бұл ретте, Ереженің 6-тармағына сәйкес айлық жәрдемақының мөлшері Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш шамасынан аспауға тиіс.             

Ереженің 9-тармағына сәйкес Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға жәрдемақы еңбек қабілетін жоғалтқан алғашқы күннен бастап орташа айлық жалақының бір жүз пайызы мөлшерінде төленеді.

Сонымен бірге, қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық басталған алғашқы күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектік белгіленгенге дейін орташа жалақының бір жүз пайызы мөлшерінде төлейді.

Өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдану.

Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы еңбек жарақаты немесе кәсіби науқастануы салдарынан болған кезде жәрдемақы қызметкердің өндірістегі жазатайым оқиға немесе денсаулығына өзге де зақым келуі туралы акті болған кезде тағайындалады.

Бұл ретте, Кодекстің 159-бабына сәйкес жұмыс берушiлер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерiне қосымша төлемдер белгiлеуге құқылы.

Орташа күндік жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен айқындалады.

Осы Ережені қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар және жоғарыда аталған қаулы (№1339) Министрліктің веб-сайты «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылған.

Сонымен қатар, Кодекстің 311-бабына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, келтiрiлген зиянды өтеу  Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен және шарттарда жүргiзiледi.

Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 936-938-баптарымен реттеледі.

А. Алтынбекова  – Еңбекке ақы төлеу басқармасының  сарапшысы

Ақпарат көзі. http://www.mzsr.gov.kz/kk/taxonomy/term/54

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
0 жауап
...