0 дауыс
1.4k көрілді
Шығыстану факультеті туралы деректер айта аласыздарма? оған гранттар бөлінеме? Олар оқу бітіргеннен  кейін қандай қызметтер атқарады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жоғары сапалы бакалавр және магистр мамандарды даярлауда Шығыстану факультеті, Шығыстану мамандығы үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда кафедра қызметінің негізгі бағыты төмендегідей мамандықтар бойынша білікті де білімді, қазіргі мамандарға деген сұраныс талабына сай мамандар дайындап шығару:

  • 5В020900 – Шығыстану бакалавр
  • 6М020900 – Шығыстану магистратура

Шығыс біздер үшін соншалықты жұмбақ, әртүрлі, қарама-қайшылықты дүние, ол бұрын тек қана экзотикалық абстракция түрінде ғана танылса, ал бүгінгі күні ынтымақтастық пен зерттеуде келешегі бар бағыт болып табылады. Қадірлі дос, сондықтан сіздің бізбен бірге еліміздің тарихы мен мәдениетін, экономикасын көркейтуде зор мүмкіндігіңіз бар, өйткені біздің «Шығыстану» мамандығы бойынша шығыс тілдерін терең меңгертумен қатар, жас мемлекетімізге қажетті білікті елшілер мен аудармашы мамандар даярлайды.

Шығыстану мамандығы қызықты шығармашылық оқу-тәрбие үдерісі, ғылыми зерттеулер өткізумен қатар, қызықты студенттік өмірмен де тығыз байланыста. Серіктестері - Қазақстандағы шығыс елдерінің елшіліктері, сонымен қатар университет оқытушылары мен факультет студенттері ғылыми тілдік машықтанудан өтуге мүмкіндігі бар ҚХР ірі университеттері. Қытай елі университеттерінен арнайы шақырылған ғалым мамандар қытай тілін меңгертумен қатар дәріс оқып, кафедрамыздың профессор оқытушы құрамы жыл сайын ҚХР университеттерімен тығыз байланыс жасап машықтанудан өтіп тұрады.

«Шығыстану» мамандығының міндеті – елдің қоғамдық өмірі мен ғылым, экономиканың негізгі қарқынды мәселелерін шешуге бағытталған заманауи зайырлы жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Аналитикалық орталықтар мен шоу-бизнес, ғылым, экономика, бизнес, мемлекеттік қауіпсіздік, әскери сала, жоғары және орта мектептер, мемлекеттік қызмет салаларына әрдайым сұранысқа ие жоғары сапалы мамандарды даярлау бюджеттік және келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Мамандықтың ашылуының негізгі себебі – шетел тілдерін меңгерумен қатар Шығыстың саясаты, экономикасы мен мәдениетін терең зерттеу.

Мамандық бойынша оқу бағдарламалары тек қана қытай тіліне ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілін меңгертуге де баса көңіл бөледі. Бағдарламаның бакалавр шығыстанушыларды дайындаудағы, тілдерді меңгертудегі негізгі міндеттері:

  • Елдерді, аймақты кешенді оқыту
  • Тарих, этнография, экономика, саясат, ғылым мен мәдениет, тіл мен дін, оқитын елдің дәстүрі мен мәдениетін зерттеу

Студент оқитын елдің тарихын, дәстүрін, ғылымын, тілін, мәдениетін, саясатын, экономикасын оқу арқылы маманданады:

  • Азия Тынық мұхит аймағы
  • Таяу және Орта Шығыс
  • Орталық Азии

Студент өндірістік іс-тәжірибеден өте алады:

  • Сыртқы істер министрлігінде
  • Туристтік агенттіктерде
  • Адам құқықтары жөніндегі бюроларда
  • Әкімдіктер мен білім беру департаменттерінде

Студенттердің мынандай қызметтер жасауға мүмкіндіктері бар:

  • Шығыс елдері экономикасы мен саясаты аясындағы кеңесші
  • Жоғары және орта оқу орындарындағы оқытушы
  • Аудармашы- референт
  • Шығыс елдерінің мәселелері бойынша сарапшы-аналитик
  • Дипломат, пресс-атташе

Кафедра мамандық бойынша Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен, Философия, саясаттану және дінтану институтымен, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен (ҚСЗИ) т.б. белсенді қызметтестікте.

Мамандық бойынша студенттер ҚХР-ның:

  • Орталық Халық университетінде (中央民族大学)
  • Тияньдзин педагогикалық университетінде (天津师范大学)
  • Лан Джоу университетінде (兰州大学)
  • Синьцзян педагогикалық университетінде (新疆师范大学)
  • Іле педагогикалық университетінде (伊犁师范学院) т.б. оқи алады

Сонымен қатар, қазіргі уақытта кафедра мамандықтарының студенттері Пекин университтерінде халықаралық студент алмасу бағдарламалары бойынша білім алуда. (Қытай тілі деңгейін HSK-емтихан бойынша анықтау)

Шығыстану мамандығы бойынша магистратура бар. Магистратура 6М020900 – Шығыстану мамандығы бойынша. Осылайша бакалавр және магистратура деңгейінде білім беру бағдарламалары бойынша бірізділік жүйесі, пәндердің академиялық өзарабайланыстылығы сақталып отыр.

Қымбатты дос, бүгінде бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы «Шығыстану», мамандығын таңдауда сіз қателеспейсіз деп зор сеніммен айта аламыз!

Толық ақпарат: http://www.ablaikhan.kz/kz/for-applicants/for-applicants/our-faculties/fv/asian-studies.html

...