+1 дауыс
20.8k көрілді
Менің  18 жасқа дейінгі 4 балам бар, кішісі 3-ке толмаған, жолдасым өзін-өзі жұмыспен қамтып,қосымша кіріс табады, жұмыссыз есебінде ресми тіркелмеген.Маған 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алуыма болады ма?

10 жауап

0 дауыс

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көп балалы отбасыларға бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар. Көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшері 1 сәуір 2014 жылдан бастап 4,16 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сонымен қатар, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін  жәрдемақының мөлшері 1,05 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстар, қалалар мен аудандардың әкімдері өз құзыреті шегінде тиісті бюджеттердің қаражатынан азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын белгілеуге құқылы.

Осыған орай, әрбір аймақта жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің әр алуан түрлерін ұсынады: коммуналдық қызметттерін төлеу, отын ұсыну, біржолғы материалдық көмек, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру және тағы да басқалары.

Осы аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

Орын: Е. Ергеш

Ақпарат көзі: http://www.mzsr.gov.kz/kk/node/313535

0 дауыс

Осы жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленеді.

Жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.

2012 жылға арналған  айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1618 теңге

Балаларға арналған жәрдемақыны алуға Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және  оралмандардың құқығы бар.

Балаларға арналған жәрдемақыны ресімдеу үшін сәйкес құжаттар пакетімен тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бөліміне) бару қажет. Егер Сіз тұратын ауылдық жерде аталған басқарма (бөлім) болмаса, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу үшін құжаттарды кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне ұсыну қажет.

Сізге тегін берілетін өтініш бланкісінде жеке идентификациялық код нөмірі (ЖИК), дербес шот нөмірі және банк атауын толтыру міндетті екенін ескере отырып, балаларға арналған жәрдемақыны алу үшін өтініш берген кезде өзіңізбен бірге аталған құжаттардың түпнұсқасы болу керек.

Өтініштен бөлек Сізге белгіленген үлгіде үш тегін мәліметтер бланкісі беріледі, оны толтырғаннан кейін тиісті құжаттарды қоса тіркеп өткізесіз.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады. Бұл ретте балаларға арналған жәрдемақыны алуға құқық тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.

Назар аударыңыз! Балаларға арналған жәрдемақы өтiнiш берiлген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

Қажеттi барлық құжаттарымен, өтiнiш берген ай өтiнiш жасалған ай деп саналады.

Балаларға арналған жәрдемақы төлеу өткен ай үшiн ай сайын жүргiзiледi.

Әкесi немесе анасы (асырап алушылар) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, армияда қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.

Жәрдемақыны төлеуді тоқтату үшін:

1) баланың қайтыс болуы;

2) баланың толық мемлекет қарауына берілуі;

3) өтініш берушінің жәрдемақының  (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;

4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңы;

2) «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысы.

Ақпарат көзі: http://imurat.kz/bala-memlekettik-zhardemaky/

0 дауыс

салеметсіздер ме! мен жанатас каласында тураммын,осы 16 жаска дейнги  пособия көбейді ме менім келінім екі баласы бар екіншісін осы 2016жыл 02,04  дүниеге келді  ал алған ақшасы 6500 тг осы дұрыспа маған жауабын айттыныздаршы,87758021367 осы нөмірге хабарласыншы 

0 дауыс
Салеметсиздерме.Мен 3 баланын анасымын.Улкеним индвалит.Отбасымда 8 адамбыз.куйеуим жане атам вагон тусиреди кунара екеуи 2000мын акеледи.балама индвалиттикке 69000тг аламын баска табыс жок маган кадай комек бериледи жане мен кайтарымсыз несие ала аламынба
0 дауыс
Жана туылган балага .1жаска деиенги жардемакы кандаи екен
0 дауыс
Саламатсыздарма!Өзім мемлекеттік қызметкермін айлығым 34000 теңге.2балам бар күйеуім жұмыссыз.Маған үкіметтен қандай да бір көмек берілуі қажет?
0 дауыс
Саламатсыз ба менің 4 балам бар. Брак аркайсымыз ар жакта тіркеуде міз үйміз жок болғандықтан 18 жаска дейін гі жәрдем ақыны қалай аламыз улкениним 12 кишкентайым 8 айлык қандай комек бере аласыздар
0 дауыс
18жасқа дейін квартальныйм жәрдем акы беріледі ма ? 4 балам бар жауап
0 дауыс
Salamatsizba menin 2 balam bar kvarteriyada turamin  Alina 31 min ketedi kommunalnik usligi Bari jumisda  emesbin qarajumis isteymin Alina 40min tannin Magan jardenm Axi bereme?
0 дауыс
Менің 18жасқа толмаған 4балам бар,
...