0 дауыс
Жас аналар үшін бала бір жасқа дейінгі жәрдемақыға маған жұмыс орнымнан 40 пайыз қосылмай тұр соның заңдылығын білсем?
24.11.2016 751 қаралым

1 жауап

0 дауыс
2016 жылы республикалық бюджеттен бала тууына байланысты берілетін бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақыға 30,9 млрд теңге, бала күтімі жөнiндегi, ол бiр жасқа толғанға дейiн төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға 37,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 66 621 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 111 035 теңге төленеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші баланың туылуына байланысты төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 12 217 теңгені, екінші балаға – 14 445 теңгені, үшінші балаға – 16 650 теңгені, төрт және одан да көп балаларға берілетін қаржы көлемі 18 877 теңгені құрап отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы жоғарыда аталған жәрдемақыларды төлеу мақсатында республикалық бюджеттен 56 млрд теңге бөлінген болатын.
09.12.2016
127,957Сұрақ
322,869Жауап
153,169Пікір
72,973Қолданушы